Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша Бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (БМТ) орналастырудың пилоттық жобасы аясында әмбебап ваучерді алу Қарағанды облысында oqu.edu.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады.

    Қарағанды облысында тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар 4 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балалардың ата-аналары ваучер алу үшін кезекке тұра алады.

    Кезекке тұру үшін:
    1. «OQU» ақпараттық жүйесіне кіріңіз (https://oqu.edu.kz).
    2. ЖСН енгізіп және SMS растау арқылы тіркеліңіз. SMS растау ата-анаға да, әр балаға да жеке-жеке қажет.
    3. «Менің өтінімдерім» бөлімінде өтінім беріңіз.
    4. Ваучерлер кезек тәртібімен беріледі. Ваучер берілгенін күтіңіз. Кезекті мына жерден көре аласыз: https://oqu.edu.kz/kz/krg/queue
    5. Ваучер берілгеннен кейін сізге хабарлама келеді. 2 жұмыс күні ішінде оның қолданылуына келісіміңізді растауыңыз қажет.
    6. Келісімді растаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүйеден бос орындары бар үйірме/секцияны таңдап, құжаттарды жолдап, қосымша білім беру ұйымының растауын күтіп, сол ұйыммен шарт жасасуыңыз қажет. Шартқа қол қою үшін eGov mobile немесе ЭЦҚ-кілт қажет.

    Бейненұсқаулықтар:
    1. Тіркелу бойынша – https://youtu.be/B4pQWkMWIjk
    2. Ұйымда оқуға түсу бойынша – https://youtu.be/z-D_ajVDVtk

    Кезекте тұрып жатқан ата-аналарға да платформада тіркелу қажет. Кезектің қозғалысын «Менің өтінімдерім» бөлімінен көре аласыз.

    Мемлекеттік тапсырыс аясында үйірме мен секцияларға барып жүрген балалардың ата-аналарына да табельді растау үшін платформада тіркелуі қажет.

    Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар: https://oqu.edu.kz/kz/krg/faq
    Техникалық сұрақтар бойынша oqu.edu.kz сайтында көрсетілген Байланыс орталығының қызметіне хабарласа аласыз.

    https://oqu.edu.kz/kz/krg

    Қосымша білім беру

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті қызмет көрсетушілер!

    Осы арқылы 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу үшін жаңа өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Бұл шектеу жаңа филиалдар ашуды жоспарлап отырған, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қызмет...

    ХабарландыруАяқталды

    Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру туралы хабарландыру

    «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабар...

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Конкурс мәні: Жергілі...