Хабарландыру!

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Хабарландыру!
    ХабарландыруАяқталды

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы өтетіндігін хабарлайды.

    «ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫН
    ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
    ЕРЕЖЕСІ
    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
    2. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңы талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.
    3. Байқаудың міндеті – облыс (қала, аудан, ауыл) аумағындағы квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдерін, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды қолдау және ынталандыру.
    2. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
    4. Байқауды ұйымдастырушы – Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).
    5. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
    6. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
    7. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 сәуірге дейін жергілікті атқарушы органдардың (облыс, қала, аудан, ауыл) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
    8. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына саны бес адамнан тұратын филолог, заңгерғалымдар, мамандар, қоғам қайраткерлері кіреді.
    9. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жүлдегерлерді анықтайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші.
    10. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
    3. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
    11. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
    12. Байқауға қатысушылар:
    1) Ережеге қосымша берілген нысанда
    Байқауға қатысуға өтінімді:
    1) тауар өндіруші:
    - өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
    - ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
    2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
    13. Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
    14. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 1 тамызға дейін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына тапсырылуы қажет;
    4. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
    16. Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғыс хаттар және Басқарма бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
    17. Байқау жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде Басқарманың ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылады.
    Байланыс телефондары: 8 (7242) 60-53-15, 60-53-14.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Кассадағы баға мен сөредегі баға әр түрлі болған жағдайда.

    Бөлшек сауда саласындағы ең көп таралған бұзушылықтардың бірі - сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген тауар құнының кассада төлеуге ұсынылатын бағаға сәйкес келмеу жағдайлары. Сауда объектісінің әкімшілігі бұл алшақтықтарды көбінесе техникалық себептермен: тауарды қайта бағалаумен, қысқа мерзімді акциялардың аяқт...

    29 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылаудың өткізілетіндігін хабарлайды

    Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №31 бұйрығына сәйкес, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ««Сыбайлас жемқор...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

    Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуСырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуСырдария аудандық бөлімінің 2026 жылғы 24 маусым №17 бұйрығына сәйкес, Сырдария аудандық дене тә...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    26.06.26 көркем күнінде Қызылорда облысында 64 жұп неке қидырды

    Бүгін, 26.06.26 айнадай үйлескен ерекше датада Қызылорда облысында 64 жұп жас отбасы ресми түрде некелерін қидырды. Жас жұбайлардың көбі бұл күнді отбасылық өмірдің бақытты бастауының белгісі деп санап, арнайы таңдаған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы хабарлады. Сол...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

    Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.Салтанат...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты

    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларғадайынболғанжүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету ор...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей