Дөңгелек үстел

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Дөңгелек үстел
    Дөңгелек үстелАяқталды

    2026 жылғы 19 наурыз күні Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Габдушев Нұрлан Баймұратұлы, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағалары, сондай-ақ білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов «Сапалы білім алу құқығының конституциялық кепілдіктері» тақырыбы аясында дөңгелек үстелдің негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, жұмыс бағыттарын айқындап берді.

    Департамент басшысы қазіргі білім беру саласындағы сапа мәселелері, оның ішінде педагогикалық әдептің маңызы, мектептерде оны қалыптастырудағы мектеп ұжымының рөлі туралы терең ой қозғады. Педагогикалық әдеп — бұл мұғалімнің кәсіби қызметінде жоғары адамгершілік құндылықтарды ұстануға, оқушылармен және әріптестермен өзара әрекеттесуде әдеп нормаларын сақтауға негізделген мінез-құлық ережелері жүйесі. Бұл түсінік мұғалімнің жеке басының, педагогикалық біліктілігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді, сондай-ақ оқу процесіндегі тиімділікті арттырады.

    Дөңгелек үстел барысында педагогикалық әдеп кеңесінің қызметі, білім беру ұйымдарындағы оның маңызды рөлі, мектептегі педагогикалық әдептің мән-маңызы және оны қалыптастырудың жолдары туралы бірнеше маңызды баяндамалар тыңдалды. Баяндамашылар педагогикалық әдептің тек мұғалімнің кәсіби дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда да шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Педагогикалық әдепті қалыптастыру мектеп ұжымының үйлесімді жұмысын, оқушыларға деген құрмет пен олардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеуде әділдікті қамтамасыз етеді.

    Қорытындылай келе, қатысушылар арасында сұрақ-жауап, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, талқыланды. Бұл талқылаулар білім сапасын арттыру жолындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды кезеңі болды.

    Дөңгелек үстелдің нәтижесінде педагогикалық әдептің барлық деңгейлерде қалыптасуы және жүзеге асырылуы үшін нақты ұсыныстар мен әрекет жоспарлары ұсынылды. Сонымен қатар, бұл іс-шара білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға зор үлес қосты.

    Халықпен жұмыс

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетк...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізілді

    2026 жылғы 22–23 шілде аралығында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Қаппасов Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласындағы «Ақмола облысы білім басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-де, Ақкөл ауданында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Б...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Ақмола облысының білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу туралы

    Ақмола облысының білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу туралы Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру ұйымдарының жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. Мониторингтің негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының оқу про...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан «IQanat High School of Burabay» білім беру ұйымына барып, біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала бақылау жұмыстары жүргізілді

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан «IQanat High School of Burabay» білім беру ұйымына барып, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметі бойынша лицензия және лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді.

    2026 жылғы 13–17 шілде аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына талдау жасалып, мекеменің қызметін ұйымдастыру, құжаттаманы жүргізу, н...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында мемлекеттік аттестаттау

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114 бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу ба...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Ақмола облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде

    Ақмола облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының жай-күйі зерделен...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

    Жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді 2026 жылғы 14 шілде күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің №12 жалпы орта білім беретін мектебінің жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді. Мониторингтің екінші кезеңі аясында мектептің жалпы жағдайы зерделенді. Атап айтқанда, интернет желіс...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей