ШҚО этнографиялық музейі өкілдерінің Барнаул қаласындағы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуы

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КонференцияАяқталды

    Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің делегациясы құрамында тарих ғылымдарының кандидаты Е. Рахматулина, магистрлер Г. Кашаку және А. Карчалова «Қазіргі әлемдегі түркітану: даму үрдістері мен трендтері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференция 24–25 наурыз күндері Алтай мемлекеттік университеті жанындағы «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру орталығында өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық қатысушы жиналды.

    Конференция барысында түркітанудың даму мәселелері, мәдени мұраны сақтау және пәнаралық зерттеулердің өзекті бағыттары қарастырылды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды. Конференция қорытындысы бойынша РҒДИ-да индекстелетін «Шығыстану зерттеулері» сериясында ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

    Конференцияға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге және музей қызметін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік»

    18 қараша күні кітапханада «Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» атты қоғамдық талқылау жиыны өтті. ШҚО мәдениет басқармасының А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» ШҚО филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қ...

    КездесуАяқталды

    «Жырың болып төгілемін»: облыстық оқушылар айтысы

    22 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Ұлттық сөз өнерін ұлықтаған шығармашылық додаға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Өскемен қаласындағы мектептерден 13 жас ақын қатысты. Байқаудың мақсаты – дәс...

    КездесуАяқталды

    «Экология өзімізден басталады»: Танир Яссамен кездесу

    21 қазанда А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстықкітапханада «Қоғамның экологиялық даму орталығы» ҚБ жетекшісі Ясса Танирмен жастар кездесуі өтті. Кездесу «Таза Қазақстан» қоғамдық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетке, жеке жауапкершілікке және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысу мү...