Жітіқарада Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жітіқарада Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті
    Мерекелік концертАяқталды

    Жітіқара қаласында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік концерт аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан әйелдердің еңбегі атап өтілді. Салтанатты жағдайда Қостанай облысы мен Жітіқара ауданы әкімдерінің грамоталары, сондай-ақ мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.

    Сонымен қатар, аудандық аурухананың жас мамандарына 500 мың теңге көлемінде сертификаттар берілді.

    Мерекелік бағдарлама аясында аудан өнерпаздары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен концерттік қойылымдар ұсынылды. Шара барысында ұсынылған шығармашылық нөмірлер салтанатты әрі жылы атмосфера қалыптастырды.

    Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қоғам дамуына үлес қосып жүрген әйелдерге құрмет пен алғыс білдірудің айқын көрінісі болды.

    Ұқсас материалдар

    Іс - шараАяқталды

    Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара

    Жітіқара қаласындағы Тәуелсіздік алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Биылғы мереке еліміз үшін айрықша кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген алғашқы күндер ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраны қастерл...

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті жітіқаралықтар!

    Қазақстан Республикасының Астана күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бүгінде Астана – еліміздің бас қаласы ғана емес, тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, қарыштап дамыған мемлекетіміздің символы. 28 жылдың ішінде дала төсінде бой көтеріп, заманауи саяси, экономикалық және мәдени орталыққа айналған. Мұнда...

    6 шілде 2026 ж.Тікелей
    Мерекелік концертАяқталды

    Жітіқара ауданында Астана күні атап өтілді

    Аудандық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған «Елорда – елдің жүрегі» атты салтанатты іс-шара өтті. Мереке ел дамуының жаңа кезеңін ашатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген кезеңде атап өтілетіні қуантарлық жайт. Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев аудан тұрғы...

    6 шілде 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Жітіқара ауданында «Спартакиада – 2026» XXXV аудандық жазғы халық спорт ойындары өтті

    Осы демалыс күндері Жітіқара ауданында ауылдық округтер мен елді мекендердің үздік командаларын біріктірген ауқымды спорт мерекесі өтті. Салтанатты ашылу рәсімі «Горняк» стадионында өтті. Нағыз спорт мерекесінің ерекше атмосферасын жергілікті шығармашылық ұжымдары мен Лисаков қаласынан келген өнерпаздардың жарқын өнер...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыздың арқасында аудан тұрғындары маңызды оқиғалардан, жетістіктер мен өзгерістерден әрдайым хабардар бол...

    28 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

    Кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Медициналық қызметкер - үлкен жауапкершілікті, терең білімді және төзімділікті талап ететін абыройлы мамандық. Сіздердің жаңқиярлық еңбектеріңіз ерекше құрмет пен алғысқа лайық. Күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін жауапк...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    «Патриотизм дауысы» акциясы

    Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде «Патриотизм дауысы» атты акция болып өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріліп, қатысушылар Әнұранды бір мезетте орындады. Аталған акция патриотизмді, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті жітіқаралықтар!

    Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміз бен егемендігіміздің айқын белгісі. Көк Туымыз, айбынды Елтаңбамыз және асқақ Әнұранымыз халқымыздың тарихын, рухани құндылықтарын және жарқын жетістіктерін айшықтайтын қасиетті ныша...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей