АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-АҚПАН АЙЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-АҚПАН АЙЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ
    ОтчетАяқталды

    Жалпы облыс өңіріндегі кәсіпорындардағы жағдай тұрақты және бақылауда.

    Департаментке 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында 983 өтініш тіркеліп, оның 853 қаралып нәтижесімен 428 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды.

    2026 жылғы қаңтар-ақпан айындағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен азаматтардан келіп түскен өтініштері негізінде кәсіпорындарға қабылданған шаралардың (тексеріс жүргізу, нұсқама енгізу, әкімшілік іс қозғау) нәтижесінде 5 мекемеден 30,3 млн. теңге жалақы берешектері өндіріліп, 15 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды.

    Сондай-ақ, азаматтардың өтініштері бойынша тексеріс жүргізбей, жұмыс берушілермен тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы 10 жұмысшының 2,1 млн. теңге жалақылары өндіріліп, арыздары өтініш хат негізінде қараусыз қалдырылды.

    Еңбек инспекторларымен 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында 63 тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 59 заң бұзушылықтар анықталды.

    Заң бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушілерге 42 тиісті нұсқама беріліп, 25 заңды тұлға әкімшілік іс қозғалып, 4,9 млн. теңге айыппұл салынды.

    Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында өңірдегі кәсіпорындарда 11 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, оның салдарынан 12 жұмысшы ауыр дене жарақатын алған.

    Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқыққорғау органдарына жолданды.

    Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының "Vizion Zero" (нөлдік жарақат) бағдарламасына 47 кәсіпорын қосылды. Бүгінгі таңда еліміздің кәсіпорындарын осы бағдарламаға қосу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

    Еңбек қатынастарында ең маңызды құжаттың бірі – ол еңбек шарты.

    2021 жылы Еңбек кодексінде еңбек шарттарына қатысты маңызды толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

    Атап айтқанда, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу міндеттелген (23 бап., 2 тар. 27 тармақша).

    Қазіргі уақытта, облыс бойынша 6 298 кәсіпорынмен 173 858 электрондық еңбек шарттары енгізіліп, жалпы 91,9 пайызды құрап отыр.

    Бұл бағытта қала, аудан әкімдерімен бірлесіп кәсіпорындармен тиісті түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

    Ай сайын Департаментпен мониторинг жүргізіліп, электрондық еңбек шартары енгізілмеген мекемелер мен кәсіпорындарға хат жолданып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

    Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген шетелдік қызметкерлердің қолданыстағы еңбек шарттарының толықтай қамтылуы 100 %-ды құрады.

    Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларын еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға тиіс. Департамент Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіп, сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарды анықтауда.

    2026 жылғы ақпан қорытындысымен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының жасалуы 80 % пайызды құрады.

    Бұл талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы бойынша, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Жалпы 2026 жылдың қаңтар-ақпан айын қоса алғанда 775 ұжымдық шарт цифрландырылып Еңбек HR жүйесіне енгізілді.

    Еңбек заңнамаларын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында департаментке жүгінген 693 азаматқа құқық түсіндіру жұмыстары көрсетілді.

    Атырау облысында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды азайту және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    Көктем сауда үйінде «Халық заңгері» акциясы өтті

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамда заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 - 2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында 2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, «БТТ»ЖШС Көктем...

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    Халықаралық форумАяқталды

    KIOSH 2026: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ XIV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (ЕҚРҒЗИ) және «ITECA» компаниясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28-30 сәуір аралығына белгіленген Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жө...

    1 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Исатай ауданы, Аққыстау ауылы "Абай" орта мектебінде ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді

    2026 жылғы 23 қаңтарда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Калымов пен Б.Салық Исатай ауданы, Аққыстау ауылы «Абай орта мектебі» КММ-нің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының тиісінше сақталуына тоқ...

    27 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы профилактикалық іс-шаралар

    Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы И.Игамбердиев «Тодини Костуцион Дженерали С.п.А.» АК-нын Ақтөб...

    19 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Оқу-жаттығуАяқталды

    Мемлекеттік еңбек инспекторларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нұсқама берілді

    2025 жылғы 26 маусымда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Иманғалиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның көріністеріне жол бермеу мақсатында жоспардан тыс тағайындалған тексеріске баратын мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж.Ерме...

    26 маусым 2025 ж.Тікелей