8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, қадірлі әпке-қарындастар!

    Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

    Әйел – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен сабырлықтарыңыз әр шаңыраққа жылулық пен шаттық сыйлайды. Ана ретінде ұрпақ тәрбиелеп, еңбек майданында аянбай қызмет етіп, қоғамның дамуына зор үлес қосып келесіздер.

    Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын! Көктемнің әр күні сіздерге бақыт пен шабыт сыйласын!

    Мерекелеріңіз құтты болсын!

    Талғар аудандық мәслихат төрағасы М.Алибеков.

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті Талғар ауданының тұрғындары, Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

    ҚұрметтіТалғар ауданының тұрғындары! Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлты...

    15 желтоқсан 2025 ж.Тікелей