Құрметті Талғар ауданының тұрғындары, Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Құрметті Талғар ауданының тұрғындары, Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    ҚұттықтауАяқталды

    ҚұрметтіТалғар ауданының тұрғындары!

    Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
    Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
    Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі.
    Біз Тәуелсіздігіміздің тағы бір жаңа парақтарын ашар тұста азат ел екенімізді, өткеніміз өнегілі, келешегіміз кемел екендігін зор мақтанышпен айтамыз. Сондықтан да, кешегі өткен бабаларымыздың асыл арманы болған Тәуелсіздікті қанша дәріптесек те артық емес. Қандай да бір мереке болмасын оның бастауында – Тәуелсіздік күні тұрады.
    Ендеше, қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін бағалау жолында бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажет.
    Баршаңызды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
    Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!

    Игі тілекпен:Талғараудандық мәслихат төрағасыМұхит Әлібеков

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

    Құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, қадірлі әпке-қарындастар! Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Әйел – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен сабырлықтарыңыз әр шаңыраққа жылулы...

    6 наурыз 2026 ж.Тікелей