Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды
    ХабарландыруАяқталды

    2026 жылы Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толады.Бір ғасырдан астам уақыт ішінде өмірлік маңызды оқиғаларды тіркеу жүйесі қағаз кітаптардан цифрлық сервистерге дейін дамыды.

    Қазақстандағы АХАТ жүйесі елде және ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып қызметтерін электрондық форматқа көшіруді бастады. Ғасырдан астам уақытта жинақталған миллиондаған акт жазбасы цифрлық жүйеге енгізіліп, өмірлік маңызды мәліметтер электрондық сервистер арқылы қолжетімді болды. Нәтижесінде азаматтар құжат көшірмесін алу немесе некені тіркеу қызметін елдің кез келген өңірінде рәсімдей алады.

    Бүгінде АХАТ жүйесі елдің барлық өңірін қамтиды. Қазақстан бойынша 200-ден астам бөлімде 800-ден аса қызметкер еңбек етеді. Олардың жұмысының ауқымы да айтарлықтай. Мәселен, 2025 жылы елімізде 330 мыңнан астам туу және 110 мыңнан астам неке тіркелді. Биыл да оң динамика сақталып отыр: жыл басынан бері 50 мыңға жуық туу және 14 мыңға жуық неке рәсімделген.

    Сонымен қатар қазіргі АХАТ жүйесі тек цифрлық қызметтермен ғана шектелмей, салтанатты тіркеу дәстүріне де ерекше мән береді. Мәселен, 2025 жылы еліміз бойынша 5 мыңға жуық салтанатты неке және 400-ден астам салтанатты туу тіркеуі өткізілді.

    «105 жыл ішінде АХАТ жүйесі қағаз құжаттардан заманауи цифрлық қызметтерге дейінгі үлкен даму жолынан өтті. Бай тәжірибені жаңа технологиялармен ұштастыра отырып, біз жүйені одан әрі жетілдіруді жалғастырып келеміз. Бүгінде баланың туу туралы куәлігін проактивті түрде рәсімдеуге, ал мобильді қосымшалар арқылы некені тіркеуге өтініш беруге мүмкіндік бар. Қазіргі қарқынды өмір ырғағында мұндай жаңашылдықтар азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекетпен өзара іс-қимылды жеңіл әрі ыңғайлы етеді»,деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    АХАТ жүйесінің 105 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, сала қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді. Республика бойынша 44 қызметкер «Мемлекеттік корпорацияға 10 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 20 маман Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасының алғыс хаттарын алды. Сондай-ақ 26 қызметкер құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде 5 қызметкер ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, ал 21 қызметкер Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің басқарма төрағасының марапаттарына ие болды.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

    Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тамыз айынан бастап Қызылордадағы ХҚКО-ның кезекші мекенжайлары өзгереді

    1 тамыздан бастап Қызылордадағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді. Енді қала тұрғындары Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е жаңа мекенжайы бойынша қабылданады. Осы кезге дейін кезекші ХҚКО Астана даңғылы, 46 мекенжайында орналасқан болатын. Жаңа мекенжайға ауыстыру азаматтарға қызмет көрсетуді...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргіз...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсәп бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 12 б/нқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған бай...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №17 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал ауданының экономика және қаржы бө...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 88 б/жқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талда...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей