Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?
    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді.

    Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты ашуға арналған жеке код көрсетіледі. Сонымен қатар азамат биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

    Қазіргі таңда еліміздің 10 өңірінде жалпы саны 14 постамат жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша дайын құжаттарды алуға болады. Олардың қатарында туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар, сондай-ақ аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары бар.

    2025 жылдың қорытындысы бойынша Семей, Тараз және Түркістан қалаларының тұрғындары постамат қызметін ең көп пайдаланған.

    Айта кетейік, постамат арқылы құжат алу тәртібі қарапайым. ХҚКО-да өтініш беру кезінде азамат дайын құжатты алу тәсілін таңдап, оны автоматтандырылған пункт арқылы алуға келісім беруі қажет. Құжат дайын болғаны туралы SMS келгеннен кейін, оны үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы уақыт ішінде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы әдеттегі тәртіппен беріледі.

    2026 жылы постамат арқылы құжат беру қызметінің құны 518 теңгені құрайды.

    Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, постамат қызметі азаматтарға дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта алып кетуге мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін кеңейтеді. Бұл қызмет әсіресе жұмыс уақытында ХҚКО-ға келе алмайтын тұрғындар үшін тиімді.

    Анықтама: постамат орнатылған ХҚКО мекенжайлары


    • Қызылорда — Астана даңғылы, 46


    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Кассадағы баға мен сөредегі баға әр түрлі болған жағдайда.

    Бөлшек сауда саласындағы ең көп таралған бұзушылықтардың бірі - сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген тауар құнының кассада төлеуге ұсынылатын бағаға сәйкес келмеу жағдайлары. Сауда объектісінің әкімшілігі бұл алшақтықтарды көбінесе техникалық себептермен: тауарды қайта бағалаумен, қысқа мерзімді акциялардың аяқт...

    29 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылаудың өткізілетіндігін хабарлайды

    Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №31 бұйрығына сәйкес, Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына және ««Сыбайлас жемқор...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау

    Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

    Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуСырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуСырдария аудандық бөлімінің 2026 жылғы 24 маусым №17 бұйрығына сәйкес, Сырдария аудандық дене тә...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    26.06.26 көркем күнінде Қызылорда облысында 64 жұп неке қидырды

    Бүгін, 26.06.26 айнадай үйлескен ерекше датада Қызылорда облысында 64 жұп жас отбасы ресми түрде некелерін қидырды. Жас жұбайлардың көбі бұл күнді отбасылық өмірдің бақытты бастауының белгісі деп санап, арнайы таңдаған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы хабарлады. Сол...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Түркістанда Apple Store қағидаты бойынша жаңа форматтағы ХҚКО ашылды

    Түркістан қаласында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға бағытталған жаңа форматтағы Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады. Заманауи орталық азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.Салтанат...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты

    «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларғадайынболғанжүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету ор...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей