Алматы облысы Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БасқаАяқталды

    Алматы облысы Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алатау қалалық

    мәслихаты 3 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын құру туралы хабарлайды.

    Учаскелік сайлау комиссиялары 5-7 мүшеден құрылады.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидат ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидаттарды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары құрылатындарға қатысты мәслихатқа 2025 жылғы 6 қарашадан бастап 2025 жылғы 20 қарашаға дейін мынадай құжаттарды тапсырады:

    1) электрондық және қағаз жеткізгіштегі белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер;

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

    4) кандидаттардың белгіленген нысандағы сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

    Сайлау комиссияларының мүшелігіне кандидаттар туралы ақпараттық бланкілер және сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштер мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы керек.

    Сайлау комиссиясының мүшесі комиссияның құрамын құраған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

    Жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, толық және толық емес аға-інілер, ата-әжелер, немерелер) немесе жұбайлар бір сайлау комиссиясының мүшелері бола алмайды.

    Мәслихатқа құжат тапсырғанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен расталған және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар 2025 жылғы 20 қарашаға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін қабылданады.

    Алатау қаласының мәслихаты

    Абилова Р.М. - Алатау қаласы мәслихатының төрағасы.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Алматы облысы, Алатау қаласы, Жетыген шағын ауданы, Құдайбергенова көшесі, №2 ғимарат.

    Жауапты тұлғалар: Бозжанқызы Асем, Болатова Бақыт Болатқызы, әкімдік ғимараты, екінші қабат, жұмыс телефондары: (8727)52 50 5 98, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]

    № п/п

    Сайлау округінің нөмірі

    Сайлау комиссиясының оналасқан жері

    Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

    1

    2

    3

    4

    Учаскелік сайлау комиссиялары – 3

    1.

    № 1030

    Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Абай көшесі, 2Е корпусы

    7

    2.

    № 1031

    Алатау қаласы, Жаңаталап шағын ауданы, Қонаев көшесі, 1 ғимарат

    7

    3.

    1032

    Алатау қаласы, Заречный шағын ауданы

    5

    ЗАЯВЛЕНИЕ

    Сайлау

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. Алатау қаласы мәслихатының 2025...

    29 шілде 2026 ж.Тікелей
    2026 жылғы 5 тамыз Алатау қаласы, Қоянқус ықшам ауданы, Алатау қаласының әкімдігі, сағат 11.00«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 28 мамыр күні сағат 10:30 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. Алатау қаласы мәслихатының 2025...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    2026 жылғы 28 мамыр Алатау қаласы, Қоянқус ықшам ауданы, Алатау қаласының әкімдігі, сағат 10.30«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    БасқаАяқталды

    Алматы облысы Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу туралы Алматы облысы Алатау қаласы мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

    Алматы облысыАлатауқаласы мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Алатау қаласының мәслихаты учаскелі...

    ОтырысАяқталды

    Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXX сессия отырысының тікелей эфирінің жазбасы

    https://www.instagram.com/p/DW8OIX7CBYD/

    10 сәуір 2026 ж.Тікелей
    2026 жылғы 10сәуір, Алатау қаласы, Қоянқус ықшам ауданы, Алатау қаласының әкімдігі, сағат 10.00«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    ОтырысАяқталды

    VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессия отырысын өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 27 наурыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібінде: 1. “Алатау қаласы мәслихатының 2025 жыл...

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей
    2026 жылғы 27 наурыз, Алатау қаласы, Қоянқус ықшам ауданы, Алатау қаласының әкімдігі, сағат 11.00«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
    ҚұттықтауАяқталды

    8 наурыз мерекесі құтты болсын!

    Құрметті аяулы аналар, ардақты арулар! Сіздерді көктемнің ең көркем, ең нәзік мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің шуағы, шаңырақтың шырағы, әлемнің ажарысыздар! Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толсын, жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін! Денсаулықтарыңыз м...

    ОтырысАяқталды

    Алматы облысы Алатау қалалық мәслихатының Алатау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.

    ХАБАРЛАНДЫРУ Алатау қалалық мәслихатының Регламентіне сәйкес, Алатау қалалық мәслихаты сізді Алатау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша жария тыңдаулар өткізу туралы хабардар етеді. Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 17 наурыз, сағат 10:00 Өткізу орны: Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Алатау қал...

    9 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Алатау қаласы, Қоянқұс шағын ауданы, Алатау қаласы әкімі аппаратының ғимараты, 2 қабат, конференц зал.«Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі