2026 жылғы 24–25 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысының жас өнертапқыштары мен инженерлері арасында дронрейсинг және авиамоделдеу бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті.

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2026 жылғы 24–25 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысының жас өнертапқыштары мен инженерлері арасында дронрейсинг және авиамоделдеу бойынша «AITU KazRoboDrone 3.0» халықаралық байқауының облыстық кезеңі өтті.
    КонкурсАяқталды

    Дронрейсинг және авиамоделдеу бағыттары бойынша өткен өңірлік іріктеу қорытындысында Алтай қаласындағы №7 орта мектеп КММ оқушылары теориялық және практикалық дайындықтарының жоғары деңгейін, техникалық сауаттылығын және заманауи технологияларды сенімді меңгергенін көрсете отырып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

    🥇 Цыгановский Егор Евгеньевич — I орын;
    🥇 Антонова Ангелина — I орын;
    🥇 Макаров Кирилл — I орын;
    🥈 Пашкина Екатерина — II орын.

    Облыстық кезеңдегі табысты өнер көрсету қатысушыларға байқаудың финалдық кезеңіне жолдама берді. Финал Астана қаласында, Astana IT University базасында өтеді. Алда — шешуші кезең, онда құнды сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар сарапқа салынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
    Финалда сәттілік, батыл идеялар мен жоғары нәтижелер тілейміз! 🚀

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Бүгін Алтай қаласында магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Бүгін Алтай қаласында магниттік-резонанстық томография (МРТ) кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа МРТ кабинеті мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен ашылды. Бұл – қайтарылған қаражаттың әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға тиімді бағытталып отырғанының айқын...

    ҚұттықтауАяқталды

    Бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

    Бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.Бұл — ұлтымыздың ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан мәдени мұрасына арналған күн. Ата-бабадан қалған салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз — халқымыздың рухани байлығы. Осындай асыл мұраны дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу — баршамыздың ортақ...