Таратылып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы туралы

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Таратылып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы туралы
    ХабарландыруАяқталды

    Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желілерде таралған, оның кремді салмасы «пластикалық желім» екені және печеньенің «артерияларды бітеп тастауы» мүмкін екені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

    Кондитерлік өнімдер, оның ішінде печенье, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында тек Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана айналымға жіберіледі, атап айтқанда:
    • ТР ТС 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» — микробиологиялық, токсикологиялық және физика-химиялық көрсеткіштер бойынша;
    • ТР ТС 022/2011 «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігіндегі талаптар» — өнімнің атауын, құрамын, тағамдық құндылығын, өндірілген жерін, өндіруші және шағымдарды қабылдайтын тарап туралы мәліметтерді, жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын көрсету бөлігінде.

    2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жүргізілген бақылау мақсатындағы сатып алу аясында Oreo печеньесінің үлгілері зерттелді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгілердің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді.

    Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерде жарияланған тексерілген ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    СаммитАяқталды

    Пресс-анонс

    2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Санитариялық-эпидемиологиялық қызметжұмыскерлерінің конгресі өтеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маман...

    ХабарландыруАяқталды

    АҢДАТПА! 2026–2027 оқу жылына дайындық туралы

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММБаспасөз конференциясы Уақыты: 28.08.2026 – 11:30 Тақырыбы: «2026–2027 оқу жылына дайындық туралы» Спикерлер:ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ақпарова Шынар Қуанышқызы;ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Бейсенова Сархат Сағын...

    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауға жария талқылау жүргізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауға жария талқылау жүргізу туралы хабарлайды. Жария талқылауды жүргізу ағымдағы жылғы 2 шілдеге жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергі...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Жазғы кезеңде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу шаралары туралы: өзекті қауіптер мен халыққа арналған ұсынымдар

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Баспасөз конференциясы Уақыты: 30.06.2026 – 14:30Тақырыбы: «Жазғы кезеңде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу шаралары туралы: өзекті қауіптер мен халыққа арналған ұсынымдар» Спикерлер: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті...

    ХабарландыруАяқталды

    Жария тыңдаулар туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды таңбалау және қадағалау бойынша «Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай таңбалау және тауарлардың қадағалану операто...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    «Иммундық профилактика мәселелері туралы» атты брифинг

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Уақыты: 23.04.2026 - 11:30 Тақырыбы : «Иммундық профилактика мәселелері туралы» Спикерлер: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қожапова Роза Абзалқызы; ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Иммун...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» атты брифинг

    АҢДАТПА! ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Брифинг Уақыты: 20 ақпан – 11:30 Тақырыбы: «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» Спикерлер: Бейсенова Сархат Сағынтайқызы – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Утегенова Роза Баженовна – №3 Көпбейінді қалалық...

    ОтырысАяқталды

    Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы комиссияның отырысы туралы

    Үміткерлердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу үшін Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы комиссияның отырысы 2026 жылғы 17 ақпанда өтеді. Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша белгіленген мерзімде келесі үміткерлерден 4 өтінім түсті:...