Пресс-анонс
    СаммитАяқталды

    2026 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Санитариялық-эпидемиологиялық қызметжұмыскерлерінің конгресі өтеді.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, сала ардагерлері, сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттары мен медициналық жоғары оқу орындарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік әріптестер қатысады.

    Пленарлық отырыс аясында сала басшылары мен өкілдерінің баяндамалары, ардагерлер мен халықаралық әріптестердің құттықтаулары, тақырыптық бейнематериалдардың көрсетілімі, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттау рәсімі өтеді.

    Түстен кейін жұмыс санитариялық-эпидемиологиялық саланың өзекті мәселелеріне арналған үш тақырыптық секция аясында жалғасады. Олар М. Айқымбаевтың 110 жылдығына, Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің зертханалық желісінің 105 жылдығына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің заманауи сын-қатерлері мен перспективаларына арналады.

    Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметті одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын Конгресс қарары қабылданады.

    Конгресс бағдарламасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/1056946?lang=kk

    Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 15 қыркүйек, 9:00–17:30

    Өтетін орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 42, 10к, Best Western Plus Atakent Park Hotel

    БАҚ өкілдерін аккредиттеу 2026 жылғы 14 қыркүйек сағат 17:30-ға дейін келесі телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі: +7 (707) 694-30-85.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    АҢДАТПА! 2026–2027 оқу жылына дайындық туралы

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММБаспасөз конференциясы Уақыты: 28.08.2026 – 11:30 Тақырыбы: «2026–2027 оқу жылына дайындық туралы» Спикерлер:ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ақпарова Шынар Қуанышқызы;ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Бейсенова Сархат Сағын...

    ХабарландыруАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауға жария талқылау жүргізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауға жария талқылау жүргізу туралы хабарлайды. Жария талқылауды жүргізу ағымдағы жылғы 2 шілдеге жоспарланған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергі...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Жазғы кезеңде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу шаралары туралы: өзекті қауіптер мен халыққа арналған ұсынымдар

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Баспасөз конференциясы Уақыты: 30.06.2026 – 14:30Тақырыбы: «Жазғы кезеңде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу шаралары туралы: өзекті қауіптер мен халыққа арналған ұсынымдар» Спикерлер: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті...

    ХабарландыруАяқталды

    Жария тыңдаулар туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды таңбалау және қадағалау бойынша «Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай таңбалау және тауарлардың қадағалану операто...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    «Иммундық профилактика мәселелері туралы» атты брифинг

    ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ Уақыты: 23.04.2026 - 11:30 Тақырыбы : «Иммундық профилактика мәселелері туралы» Спикерлер: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қожапова Роза Абзалқызы; ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Иммун...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» атты брифинг

    АҢДАТПА! ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Брифинг Уақыты: 20 ақпан – 11:30 Тақырыбы: «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» Спикерлер: Бейсенова Сархат Сағынтайқызы – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Утегенова Роза Баженовна – №3 Көпбейінді қалалық...

    ОтырысАяқталды

    Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы комиссияның отырысы туралы

    Үміткерлердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу үшін Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы комиссияның отырысы 2026 жылғы 17 ақпанда өтеді. Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша белгіленген мерзімде келесі үміткерлерден 4 өтінім түсті:...

    ХабарландыруАяқталды

    Таратылып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы туралы

    Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желілерде таралған, оның кремді салмасы «пластикалық желім» екені және печеньенің «артерияларды бітеп тастауы» мүмкін екені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген. Кондитерлік өнімдер, оның ішінде печенье, Еуразиялық экономикалық одаққа мү...