Тәуелсіздік күнімен!

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Тәуелсіздік күнімен!
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!

    Сіздерді Республикамыздың әрбір азаматы үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, еліміз егемендігін жариялады. Мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған шыңдары да нақ осы Тәуелсіздіктің арқасы.

    Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз.

    Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілейміз! Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан көркейе берсін!

    Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 30 маусымда, сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLVІ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Б...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!

    ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған жауапты әрі маңызды қызмет...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Полиция күні құтты болсын!

    Құрметті полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау – аса жауапты әрі абыройлы міндет. Осы маңызды қызметті мінсіз атқарып жүрген п...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    К сведению депутатов Бурабайского районного маслихата и населения

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 05 маусымда, сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLV сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «2025 жылға арнал...

    26 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 18 мамырда, сағат 11.00-де аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLІV (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі: «Бу...

    13 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын

    Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады. Бұл Жеңіс – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының, фашизмді талқандаған бүкіл кеңес халқының, соның ішінде әрбір...

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Отан қорғаушылар күнімен!

    Құрметті жерлестер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әрбір ер азамат қорғаушы болып жаратылған. Өз Отанын, өз шаңырағын, өз отбасын қорғайды. Сондықтан, құрметті ер азаматтар, әрқашанда өз отбасыларыңызға тіреу, пана...

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 29 сәуірінде, сағат 10.00-да аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың ХLIІІ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі:...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей