
ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 15.30-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті XLVI сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қаралымына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және тағы басқалары.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook-те (Шортанды аудандық мәслихатында) өткізілетін болады.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова