
Кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігінің арасында өзара саудадағы статистикалық деректермен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.
Құжат екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға бағытталып, келесіні көздейді:
- тауарлардың өзара саудасы бойынша статистикалық ақпаратпен тұрақты алмасу;
- сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудағы әдіснамалық тәсілдерін келісу;
- сыртқы сауда статистикасының салыстырмалылығы мен дұрыстығын арттыру.
Хаттамаға қол қою Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ екі тараптың мүддесі үшін ашық және тиімді деректер алмасуды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.