Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Жетісулықтар арасында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер

    Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы қандай Мемлекеттік қызметтер үшін ХҚКО-ға жиі жүгінетіндігімен бөлісті.

    Ең көп сұраныс жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде байқалады.

    Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста 77 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілген. Сондай-ақ, 62 мыңнан астам көлік тіркеліп, тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңбаны 49 мыңнан астам рет алған.

    Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету бөлімдері, «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

    Сондай-ақ, облыс тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа ақылы сервисті пайдалана алады. Маман көрсетілген мекенжайға келісілген уақытта келеді. Бұл қызметті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында «Жеке менеджерді үйге шақыру» тармағын таңдап, қажетті ақпаратты толтыру қажет. Өтініштерді 1414 телефоны арқылы да беруге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мәліметтерді растау және баруды жоспарлау үшін көрсетілетін қызметті алушымен байланысады.
    ХҚК бөлімдерінің қызметкерлері төлқұжаттарды, жеке куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және көлікті тіркеуден басқа барлық мемлекеттік қызметтерді көрсете алатынын атап өткен жөн.

    Ағымдағы жылдың 9 айында Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиалы арқылы барлығы 368 179 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы мекен жайы ауысты

    БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы (бұдан әрі — Филиал) Сізге 2026 жылғы 31 наурыздан бастап Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 149 мекенжайында орналасқан филиалдың өз қызметін тоқтататынын хабарлайды. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Салымшы (Алушыларға) қызмет көрсету Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 150 мекенжай...

    30 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Наурыз айындағы мереке күндерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    Наурыз айындағы мереке күндерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы наурыз айындағы мереке күндеріне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін хабарлайды. 8 және 9 наурыз – барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінд...

    19 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    17 наурыз – Шаңырақ күні

    17 наурыз – Шаңырақ күні Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Шаңырақ күні – отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын ұлықтайтын ерекше мереке. Қазақ халқы үшін шаңырақ – тек үйдің күмбезі ғана емес, ол – береке мен бірліктің, мейірім мен сыйластықтың киелі нышаны. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша шаңыра...

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

    16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдени мұрасын, ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дәріптеуге арналған. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлтты...

    16 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алакөл ауданында аудандық жүгіру марафоны және спорттық шаралар өтеді

    25 Қазан — Республика күніне орай! Алакөл ауданында аудандық жүгіру марафоны және спорттық шаралар өтеді! Жарыс түрлері: •Жүгіру •Қол күрес •Гир көтеру •Арқан тарту Өтетін орны: Үшарал қаласының орталық алаңы Тіркелу уақыты: 25 қазан, сағат 10:00 📞 Байланыс телефоны: 8 707 140 9897 Барлық тұрғындарды белсенді қаты...

    17 қазан 2025 ж.Тікелей