Қытай шекарасымен жаңғырту: Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы «Бақты» мен «Алакөл» өткізу пункттеріне барды

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қытай шекарасымен жаңғырту: Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы «Бақты» мен «Алакөл» өткізу пункттеріне барды
    КездесуАяқталды

    2025 жылғы 21 шілдеде Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасындағы негізгі «Бақты» мен «Алакөл» кедендік өткізу пунктін жаңғырту барысымен танысты.

    «Бақты» өткізу пунктіy қозғалысты тоқтатпай реконструкциялау
    «Бақты» өткізу пунктінде ЕАЭО сыртқы шекарасын жаңғырту жобасы шеңберінде ауқымды құрылыс және техникалық жұмыстар жалғасуда. Белсенді реконструкцияға қарамастан, объект жүктер мен жолаушылардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істейді.

    Мыналар:

    - қозғалыс жолақтарын кеңейту;

    - қазіргі заманғы инспекциялық-тексеру кешендерін монтаждау;

    - автоматты таразылар мен цифрлық бақылау жүйелерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    МКК төрағасы:

    - барлық құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді;

    - кеден маңындағы инфрақұрылымға рәсімдерді шығару есебінен шекарада бақылауды барынша азайтуды тапсырды.

    «Алакөл»: цифрлық әсер қазірдің өзінде сезілуде

    «Алакөл» өткізу пунктінде реконструкциялау аяқталды және 2025 жылғы 12 мамырдан бастап ол толық көлемде жұмыс істейді.

    Мыналар:

    - жылдам сканерлеудің жете тексеру кешендері;

    - автоматты салмақ габаритті өлшегіштер;

    - нөмір белгілерін тану жүйелері;

    - логистикалық бақылаудың интеграцияланған жүйесі енгізілді.

    Жолақ саны 2-ден 6-ға дейін ұлғайтылды, бұл шекарадан өту уақытын 1-2 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

    Инспекция қорытындысы бойынша Жандос Дүйсембиев тапсырма берді:

    «Жыл соңына дейін шекарадан өтудің орташа уақыты 10-15 минутқа дейін жеткізілсін. Негізгі акцент — цифрландыру және қағаз рәсімдерінен толық бас тарту».

    9 өткізу пункті – басымдықта

    Ұлттық жаңғырту жобасы шеңберінде 9 автомобиль өткізу пунктін техникалық қайта жарақтандыру жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда 4-інің жұмысы аяқталды:

    - «Қалжат» және «Алакөл» (ҚХР-мен шекарада);

    - «Қапланбек» және «Атамекен» (Өзбекстанмен шекарада).

    2025 жылдың соңына дейін тағы 5 өткізу пунктін жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда:

    «Қазығұрт», «Тәжен», «Темір баба», «Майқапшағай» және «Бақты».

    Жаңғыртудың мақсаты

    Азаматтардың, бизнестің мүддесі және елдің сыртқы экономикалық тұрақтылығы үшін үздік халықаралық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы, технологиялық және жоғары тиімді өткізу пункттерін құру.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Астанада стратегиялық тауарлар саудасын бақылау жөніндегі халықаралық семинар өтуде

    2026 жылғы 20–23 шілде аралығында Астанада АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) ұйымдастырған «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау (СТСБ)» тақырыбындағы халықаралық семинар өтуде. Семинарға Қазақстан Республикасы...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    Рабочая поездкаАяқталды

    «Жібек жолы» жаңғыртылған өткізу пункті өткізу қабілетін едәуір арттырады

    2026 жылдың 8 шілдесінде жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне барды. Онда олар ЕАЭО сыртқы шекарасының Қазақстан-Өзбекстан учаскесі...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды

    2026 жылғы 25 - 27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде өткен Ұйым Кеңесінің 147-ші және 148-ші сессияларына қатысты. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республи...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері талқыланды

    2026 жылғы 30 маусымда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп Mybuh.kz "халық бухгалтері" ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында бизнес өкілдері, бухгалтерлік қоғамдастық және салық төлеушілер үшін ашық семинар өткізді. Іс-шара Мемле...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Петропавл қаласында «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» семинары өтті

    2026 жылғы 19 маусымда Петропавл қаласында MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер мен салық консультанттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановпен бірлесіп, салық төлеушілерге арналған «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Атырауда кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді

    23 маусым күні Қазақстанның мұнайлы астанасы - Атырау қаласында, шағын және орта бизнес субъектілері өңірдегі ірі кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын өңірде, «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК арасындағы ашық диалог» жобасы аясындағы кезекті семинар өтті. Іс-шараға MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өк...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының азаматтармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті

    2026 жылғы 15 маусымда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен ашық кездесуі өтті. Іс-шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар,...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ақмола облысында ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 82-отырысы өтті

    2026 жылғы 11 маусымда Бурабайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің (ТМД КҚБК) 82-отырысы өтті. Кеңес кедендік әкімшілендіруді дамыту, кедендік бақылауды жетілдіру және ТМД кеңістігіндегі экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісілген тәсілдерді қалып...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей