«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады
    ЖарысАяқталды

    Астана, 2025 жылғы 1 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты мерекелі 10-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

    2014 жылдан бастап байқау шетелдік авторлардың Қазақстан туралы мазмұнды және жан-жақты баяндаған ең үздік мәтіндік жазбалары мен бейнематериалдарын жинақтап келеді. Біз шығармашылық көзқарасты, тың ойды және елімізді терең түсінуді ерекше бағалаймыз.

    Қазіргі медиа кеңістікте дәстүрлі БАҚ-пен қатар әлеуметтік желілер де маңызды рөл атқарады. Осыған орай біз блогерлерді, видеоконтент жасаушыларды және белсенді әлеуметтік медиа қолданушыларды ( кем дегенде 10 мың жазылымдары болуы қажет) Қазақстан туралы бірегей көзқарасымен бөлісуге шақырамыз.

    Байқауға 2024 жылғы 1 тамыз бен 2025 жылғы 1 тамыз аралығында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік платформаларда жарияланған ақпараттық, сараптамалық, мәдени-танымдық, деректі және басқа да материалдар қабылданады.

    Жеңімпаздар Астана, Алматы және Түркістан қалаларына сапар шегу жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.

    Биыл «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы», «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC), «Astana Hub», «Отандастар қоры» және «Верный капитал» байқаудың серіктестері атанды.

    Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялардың жеңімпаздары анықталады:

    • Цифрландыру – Цифрлық трансформация: БАҚ/медиа саласының Қазақстанға көзқарасы;
    • Экономика – Қазақстан: Еуразиядағы криптоиндустрияның көшбасшысы;
    • Қазақстан халқының мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері – Абай мұрасы;
    • Спорт – Қазақстанның теннис әлеміне саяхаты: Жаһандық ойын алаңындағы ұлттың өрлеуі;
    • Туризм – Астана: Болашақты жобалау – жас астананың сәулеттік жаны.

    Байқау жеңімпаздарын ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Kazakh Tourism», AIFC, «Astana Hub», «Отандастар қоры», «Верный капитал» басшылығы мен министрліктің жауапты қызметкерлері және сарапшылар кіретін қазылар алқасы айқындайтын болады.

    Барлық жұмыстар 2025 жылғы 15 тамыздан кешіктірілмей [email protected] электронды поштасына жіберілуі тиіс.

    Байқау нәтижелері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін жарияланады.

    Қосымша ақпаратты [email protected] поштасы немесе +7 (7172) 720182 телефонына хабарласу арқылы алуға болады.

    Өтінім нысаны

    «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының қатысу ережелері

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау

    ҚР азаматтарының назарына! 2026 жылғы 19-20 наурызда Майами қаласында (Флорида штаты) консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі. Құжаттарды қабылдау уақыты келесідей: 📌 19 наурыз: 15:00-ден 19:00-ге дейін (3:00 pm – 7:00 pm) 📌 20 наурыз: 08:00-ден 12:00-ге дейін (8:00 am – 12:00 pm) 🔹 Назар аударың...

    19 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау

    ҚР азаматтарының назарына! 2026 жылғы 19-20 наурызда Майами қаласында (Флорида штаты) консулдық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі. Құжаттарды қабылдау уақыты келесідей: 📌 19 наурыз: 15:00-ден 19:00-ге дейін (3:00 pm – 7:00 pm) 📌 20 наурыз: 08:00-ден 12:00-ге дейін (8:00 am – 12:00 pm) 🔹 Назар аударың...

    18 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ЖСН ресімдеуге өтініш қабылдаудың тоқтатылуы

    Шетел азаматтарының назарына! 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп іске асырылған пилоттық жобаның аяқталуына байланысты жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) ресімдеуге өтініштер қабылдау тоқтатылады. Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) беру бел...

    6 қаңтар 2026 ж.Тікелей