СЭБ есебін қамту саласын айқындау туралы хабарландыру

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    СЭБ есебін қамту саласын айқындау туралы хабарландыру
    ХабарландыруАяқталды

    «Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығының 6-т., 1-тт. сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті (СЭҚ) қамту саласын айқындау Қазақстан Республикасының 02.01.2021 ж. №400-VI Экология Кодексінің 55-бабының 6-тармағында көзделген әзірлеуші мемлекеттік органның қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Құжаттарды ұсынуын қамтиды.

    Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің бас жоспарын түзету» қала құрылысы жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалауды қамту саласын айқындау үшін мынадай құжаттар келіп түсті:

    1) Қала құрылысы жобасының негізгі түсіндірме жазбасы;

    2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі кезде пайдалану жоспары (қазіргі жағдай)» схемасы, «Бас жоспар (даму перспективасы)» схемасы;

    3) Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту саласын айқындауға арналған жазба ;

    4) Қала құрылысы жобасының қоршаған ортаға әсерін скрининг жасау нәтижелері туралы қорытынды;

    5) 2025 жылғы 14 ақпанында мүдделі мемлекеттік органдардан консультация алу, оның ішінде қала құрылысы жобасының қоршаған ортаға әсерін скринингтеу сатысындағы ескертулер мен ұсыныстар хаттамасы;

    6) Қала құрылысы жобасының қоршаған ортаға әсерін скринингтеу сатысында мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға жауаптар;

    7) Жергілікті атқарушы органның ақпарат орналастырылған және СЭҚ бойынша есепті қамту саласын айқындау рәсімін жүргізу үшін барлық қажетті құжаттар тіркелген сайтына сілтеме.

    Бас жобалаушы: «Казахстанский ПИ «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС

    СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

    Тапсырыс беруші: «Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ.

    СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

    • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
    • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
    • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
    • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

    Жобалық кезеңнің басталу және аяқталу мерзімдері:

    - бастапқы жыл - 2024 ж.;

    - құрылыстың бірінші кезегі - 2030 ж.;

    - есептік мерзім - 2040 ж.

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 30 маусымнан бастап 18 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың18шілдесі).

    Байланыс деректері:

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

    Экологиялық саясат департаменті

    Тел.: 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

    8 7076173174

    e-mail: [email protected]

    Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

    - электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: [email protected] (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

    - e-mail: [email protected];

    - «WhatsApp» 8 7076173174

    СЭБ бойынша материалдар:

    1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

    2) Тапсырыс беруші: Жаңақорған ауданы әкімдігінің сайтында.

    Құрылыс

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.2026 - 30.07.2026 жыл аралығындағы мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққ...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.-30.07.2026 жыл аралығында мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себепте...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.07.2026 - 30.07.2026 жыл аралығындағы мерзімде жүргізіледі. Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әс...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    «Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз

    «Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Қоғамдық тыңдаулар» айдары

    1)Жобаның атауы: « Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің бас жоспары. Түзету». 2) Әсер ету аумағыменкоординаттары: Әкімшілік-аумақтық бірлік: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті. Әсер ету аумағының географиялықкоординаттары:879627, 67.218433; 43.938824, 67.240920; 43.940685, 67.312503;...

    1 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты, Жаңақорған ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдау жұмыстары 01.04.-30.04.2026 жыл аралы...

    13 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    СЭБ бойынша есепті қарау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI Экологиялық кодексінің 57-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік орган – әзірлеуші стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті оның сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының Экология...

    12 желтоқсан 2025 ж.Тікелей