2021 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы

    Орны
    Сайлау учаскелері
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2021 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы
    БасқаАяқталды

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
    ҮНДЕУІ

    ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

    2021 жылғы 10 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы

    Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.

    Сіздің сайлаушылар тізімдерінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың кепілі болып табылады.

    Сайлаушылар тізімдерін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

    Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. Сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.

    Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

    Егер Сізге 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін сайлау күні тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігіңіз болмайтыны белгілі болған жағдайда, Сіз баратын жеріңіздегі әкімдікке Сізді сайлаушылардың тиісті тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

    Егер Сіз тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз және тұрғылықты жеріңіз бойынша уақытша тіркелген болсаңыз, Сіз 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей, сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен өзіңіз уақытша болатын жердегі әкімдікке жүгінуге құқылысыз.

    Құрметті сайлаушы! Құқықтық сауаттылық танытыңыз және өзіңіздің сайлау құқығыңызды іске асырыңыз! Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет.

    2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    ӨЗ ТАҢДАУЫҢЫЗДЫ ЖАСАҢЫЗ!

    Сайлау

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Шахтинск қаласы тұрғындарының назарына!

    Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 24 шілде күні сағат 16:00-де Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс то...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Осакаров ауданының тұрғындарының назарына!

    Ермағанбет Бөлекпаев Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау жүргізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 2 шілдеде сағат 11:00-де Осакаров кентінің Мәдениет үйінде өтеді. Тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өз өтініштеріңізді жұмыс кү...

    КездесуАяқталды

    Бұқар жырау ауданының тұрғындарының назарына!

    Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 17 маусым күні сағат 15.00-де Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің мәдениет үйінде өтеді. Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үші...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сергек таң мен әуезді кештер: Қарағанды саябақтарындағы демалыс күндерінің бағдарламасы

    Алдағы демалыс күндері Қарағандының Орталық саябағы мен Майқұдық саябағында концерттер мен спорттық іс-шаралар өтеді. 13 маусым, сенбі Белсенді өмір салтын ұнататын тұрғындар Орталық саябақта ашық аспан астында өтетін йога жаттығуына қатыса алады. Сағат 18:30-да басты сахнада жастарға арналған NICE дискотекасы басталад...

    13 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Саран қаласының тұрғындарының назарына!

    Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Саран қаласының Мәдениет үйінде өтеді. Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинау үшін жұмыс тобы құрылған. Өтініштер мен сауалдарды жұмыс күндері сағ...

    28 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Спорт пен шығармашылық: Қарағандының Орталық саябағындағы демалыс күндерінің және өзге де шаралардың афишасы

    Мамыр айының екінші жартысы қарағандылықтар үшін мазмұнды іс-шараларға толы болмақ. Қаланың Орталық мәдениет және демалыс саябағында фестивальдер, шеберлік сабақтары, көрмелер мен спорттық шаралар өтеді. Бүгін, 15 мамыр күні, сағат 18:00-де саябақтың басты сахнасында демалыс күндеріне арналған концерттік бағдарлама бас...

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Интернет-конференцияАяқталды

    Қарағанды облысы әкімінің орынбасары интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді

    23 сәуір күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін egov.kz порталының «Ашық диалог» бөліміндеҚарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің қатысуымен интернет-конференция өтеді. Тақырыбы – «Жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы». Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

    23 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов жауап береді

    egov.kz порталының «Ашық диалог» бөлімінде 31 наурыз күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановпен интернет-конференция өтеді. Тақырыбы – «Жолдарды жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту». Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

    31 наурыз 2026 ж.Тікелей