«Соғыстың сұрқы әйелге жат» /реквием/

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Соғыстың сұрқы әйелге жат» /реквием/
    СпектакльАяқталды

    «Соғыстың сұрқы әйелге жат»

    /реквием/

    Авторы – С.Алексиевич

    Қоюшы-режиссері – Б.Шамбетов

    Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 7-9 мамыр күндері сағат 19.00-де «Соғыстың сұрқы әйелге жат» қойылымы сахналанады. Екінші дүниежүзілік – Ұлы Отан соғысы талай жанның ғұмырын қыршыннан қиып, толмас қасіретке жолықтырды. Елін сақтап қалу үшін, соңғы демі қалғанша күрескен ерлердің қатарында нәзікжанды аруларымыз да қан майданда неміс фашисттеріне қарсы шайқасты. С.Алексиевичтің «Соғыстың сұрқы әйелге жат» реквиемі соғыс даласында отан үшін отқа түскен әйел-қыздардың сан-қилы тағдырының тапталуы, арман-мақсатының, күн сүйген келбетінің «күлге айналғаны» туралы сыр шертеді. Оқиға желісінің тартымды, сюжеті қызықты болғаны сонша жиналған көрермен қойылымды бір деммен тамашалайды. Спектакль соғыстың тек әйелдерге ғана емес, күллі ғаламға жат екендігі көрсетіледі. Ұлы мереке қарсаңында жүректі тербейтін, әйелдердің соғыс жайлы шынайы естеліктеріне құрылған бұл қойылымнан қапы қалмаңыз, көрермен!

    Өнер

    Ұқсас материалдар

    КонцертАяқталды

    Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз!

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз! Бұл кеш – өнер мен шабыттың, әсем әуен мен жарқын әсердің мерекесі. Филармония өнерпаздары сіздерге маусымның ең таңдаулы шығармаларын тарту етеді. 24 маусым 2026 жыл, Саға...

    СпектакльАяқталды

    «Туған күніңізбен анашым!» спектакль премьерасы

    Бикен Римова атындағы академиялық драма театры өзінің мерейлі 50-ші театр маусымының аяқталуы қарсаңында қоғамның ең өзекті мәселесін арқау еткен қорытынды премьерасын ұсынады. «Туған күніңізбен, анашым!» қойылымы – ана мен бала арасындағы үзілмес байланысты, отбасылық құндылықтар мен адам өмірінің күрделі рухани сәтте...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    Бикен Римова атындағы академиялық драма театрыЖетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
    КонцертАяқталды

    “Soundtrack” концертіне шақырамыз!

    ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ! Сіздерді 4 маусым күні сағат 17:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Жанды дыбыста өтетін “Soundtrack” концерті Орындайтын: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі Өтетін орны: Текелі қаласының әкімінің қалалық мәдениет үй...

    КонкурсАяқталды

    ХХIV «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

    Өтетін жері: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 1 маусым, 2026 жыл cағат 17:00 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07; Электронды пошта: [email protected] КІРУ ТЕГІН