Беу, қыздар-ай!: «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа премьера

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Беу, қыздар-ай!: «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа премьера
    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 10-11 сәуір күндері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында Қуандық Шаңғытбаев пен Қанабек Байсейітовтың «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясының Премьерасын көруге шақырамыз!

    Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған қойылым көптің көңілінен шығары сөзсіз!

    Қойылымның қоюшы режиссері – Ержан Қауланов, қоюшы-суретші – Дінназ Қыдырқожа, Костюм суретшісі – Аяжан Тоқай, Композитор – Арнай Азанбай.

    «Беу, қыздар-ай» – қазақ музыкалық комедиясының алтын қорынан орын алған жауһар туынды. Бұл шығарма шынайы сезім, әзіл-қалжың мен әсем әуендер арқылы көрерменді еңбек адамының әлеміне жетелейді.

    Жастардың арман-қиялы, махаббат хикаяларымен көркем өрілген қойылым, еңбек пен өнердің үйлесімін паш етеді. Өміршең туынды биыл қайта жаңғырып, көрерменге жаңа қырынан ұсынылмақ.

    Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!

    Өнер

    Ұқсас материалдар

    КонцертАяқталды

    Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз!

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз! Бұл кеш – өнер мен шабыттың, әсем әуен мен жарқын әсердің мерекесі. Филармония өнерпаздары сіздерге маусымның ең таңдаулы шығармаларын тарту етеді. 24 маусым 2026 жыл, Саға...

    СпектакльАяқталды

    «Туған күніңізбен анашым!» спектакль премьерасы

    Бикен Римова атындағы академиялық драма театры өзінің мерейлі 50-ші театр маусымының аяқталуы қарсаңында қоғамның ең өзекті мәселесін арқау еткен қорытынды премьерасын ұсынады. «Туған күніңізбен, анашым!» қойылымы – ана мен бала арасындағы үзілмес байланысты, отбасылық құндылықтар мен адам өмірінің күрделі рухани сәтте...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    Бикен Римова атындағы академиялық драма театрыЖетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
    КонцертАяқталды

    “Soundtrack” концертіне шақырамыз!

    ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ! Сіздерді 4 маусым күні сағат 17:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырамыз! Жанды дыбыста өтетін “Soundtrack” концерті Орындайтын: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі Өтетін орны: Текелі қаласының әкімінің қалалық мәдениет үй...

    КонкурсАяқталды

    ХХIV «ЖЕТІСУ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

    Өтетін жері: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 1 маусым, 2026 жыл cағат 17:00 Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-34-07; Электронды пошта: [email protected] КІРУ ТЕГІН