«Еңбек жолы» конкурсы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Еңбек жолы» конкурсы
    КонкурсАяқталды

    Қостанай облысында «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталады.

    Бұл конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды.

    Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» үш номинациядан тұрады.

    1) Үздік еңбек әулеті - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

    Еңбек әулеті - бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы.

    Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

    Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

    2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері -бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

    3) Өндірістің үздік жас маманы - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

    Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде.

    Республикалық комиссия әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды (бірінші, екінші және үшінші орындар).

    Республикалық конкурстың жеңімпаздарына диплом және ақшалай сертификаттар беріледі: 1-ші орынға - 1 000 000 (миллион) теңге, 2-ші орынға - 500 000 (бес жүз мың) теңге және 3-ші орынға - 200 000 (екі жүз мың) теңге.

    «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған(https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau?lang=ru).

    Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

    Телефон: 8(7142)50-14-04

    Ұқсас материалдар

    Интернет-конференцияАяқталды

    «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»

    Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылғы 4 желтоқсан күні онлайн форматта дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді. «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылдың 9 айында Қор филиалдарының мамандары республик...

    4 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексін түсіндіру бойынша семинар

    Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексін түсіндіру бойынша семинарға шақырады. Іс-шараны Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері өткізеді. Семинардың өтетін күні мен орны: Қостанай қ., Маяковский к-сі, 119, "Мирас" МҮ, 2025...

    20 қараша 2025 ж.Тікелей