Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өтті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өтті
    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында олардың ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шараларды дәріптеудің тетіктерін кеңейту бойынша 2023 жылдың маусым айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанында «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз қызметін жүзеге асырып келеді.

    Кеңесші орган мемлекеттік қызметкерлердің белсенді өмірлік дағдыларын қалыптастыру, олардың қоғамдық жұмыстарға араласуы, яғни көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қозғалысының қатарын кеңейтуде өз қызметін жүзеге асырады.

    Орган әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ынтымақтастыққа, өзара көмек пен қайырымдылыққа бағытталған еріктілер қозғалысына қатысуға дайын адамдардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы мемлекеттік қызметтің тартымдылығының артуы және оның қоғамдағы имиджінің жоғары деңгейінің қалыптасуына, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік, мәдени, спорттық шараларды ұйымдастыруына және қатысуына, экологиялық бағыттарда өз көзқарастарымен бөлісуге оларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер туындатады.

    6 наурызда Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, жиынға кеңесші органның төрағасы Т.Жұмағұлов пен кеңесші органға тең төрағалық етуші Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Оралбай, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Исмагулова, еріктілер кеңесінің мүшелері мен тәлімгерлер кеңесінің мүшелері және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылған отырыста мемлекеттік қызметтегі ардагерлерді ардақтау және мемлекеттік қызметте көпжылдық тәжірибесі бар білікті мемлекеттік қызметкерлерге құрмет көрсету, мереке күндері мен төл мерекелерде назардан тыс қалдырмау бағытында алғыс жарияланды.

    Кеңесші органның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша атқарылған ерікті бастамалар талқыланды. Оның ішінде жыл басында орын алған шетелдік ұшақтың апатқа ұшырауы кезінде Маңғыстау облысының Әкімі мен Әкімдіктегі мемлекеттік қызметкерлердің ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шаралар туралы баяндама жасалды. Еріктілер кеңесінің тең төрағасы М.Оралбайдың баяндамасы негізінде өмірлік қиын жағдайларға тап болған азаматтарға көмек қолын созуда Маңғыстау облысының Әкімі мен ондағы мемлекеттік қызметкерлер тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарған.

    Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, жиынға қатысушы мемлекеттік қызметтегі ардагерлер мен көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, еріктілер кеңесінің мүшелері жас мемлекеттік қызметшілермен еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.

    Жиын соңында кеңесші органның әрі қарай 2025 жылға арналған жоспары бойынша атқарылатын жұмыстар мен іс-шаралар пысықталып, кеңесші орган мүшелері белсенді қызмет атқару бойынша тисті тапсырмалар берілді.

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі

    кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    2025 жылдың 13 наурызында «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы төлемдері тақырыбында дәстүрлі «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүрге айналған Ашық есік күнінде өз қонақтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы айтып, кез келген сұрақтарға жауап беру үшін қабылдады. Іс-шара күн тәртібіне көптеген қазақстандықтарды толғандыратын «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге б...

    20 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Баспасөз аңдатпасы

    «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылдың 13 наурызы күні Ашық есік күнін өткізеді. Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?». Зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар, оларға кімдердің құқығы ба...

    11 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «БЖЗҚ» АҚ-да өтетін ашық есік күніне шақырамыз: зейнетақы төлемі – зейнетақы жинағының нәтижесі

    Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді. Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп...

    11 наурыз 2025 ж.Тікелей