Баспасөз аңдатпасы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылдың 13 наурызы күні Ашық есік күнін өткізеді.

    Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?».

    Зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар, оларға кімдердің құқығы бар, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. сауалдарға Қор мамандары жауап беріп, қолжетімді де түсінікті нысанда мысалдар келтіреді.

    Ашық есік күні 2025 жылдың 13 наурызы күні сағат 10:00-де онлайн форматта өткізіледі.

    Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз ( https://enpf.webex.com/weblink/register/r8d6b02b019654b763f826927615cdf1a). Одан соң еvent-мәжіліс нөмірін ( 2517 206 2372) және еvent-мәжіліс құпиясөзін ( 123456) енгізіңіз.

    «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күнінде барлығыңызды қуана күтеді!

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    2025 жылдың 13 наурызында «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы төлемдері тақырыбында дәстүрлі «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүрге айналған Ашық есік күнінде өз қонақтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы айтып, кез келген сұрақтарға жауап беру үшін қабылдады. Іс-шара күн тәртібіне көптеген қазақстандықтарды толғандыратын «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге б...

    20 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Еріктілер кеңесінің кезекті отырысы өтті

    Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында олардың ерікті бастамаларымен жүзеге асырылған шараларды дәріптеудің тетіктерін кеңейту бойынша 2023 жылдың маусым айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жанында «Еріктілер кеңесі...

    19 наурыз 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «БЖЗҚ» АҚ-да өтетін ашық есік күніне шақырамыз: зейнетақы төлемі – зейнетақы жинағының нәтижесі

    Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді. Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп...

    11 наурыз 2025 ж.Тікелей