ҚАЛА ӘКІМІ ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҚАЛА ӘКІМІ ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    КездесуАяқталды

    Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

    Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
    Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.
    Бұдан бөлек, келісім туризмді дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның тұрақты дамуына маңызды қадам болмақ.
    Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент әкімі Қазақстандағы Франция Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Франция мен Шымкент компаниялары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген.
    Сыртқы байланыстар

    Ұқсас материалдар

    Рабочая поездкаАяқталды

    Рухани тамырдан – креативті келешекке: Түркістан мен Шымкенттегі жұмыс сапары

    Түркістан мен Шымкент – қазақ руханиятының қос діңгегі, тарих пен тағдырдың талай ізін кеудесіне қаттаған қасиетті мекендер. Креативті индустрияларды дамыту қорының Өңірлік даму жөніндегі Басқарушы директоры Азамат Жағыпарұлымен бірге Түркістан өңірінің мәдени-туристік әлеуетімен танысып, ұлттық қолөнерді кәсіпке, ал к...

    КонкурсАяқталды

    Шымкент қаласында креативті кәсіпкерлер арасында өтетін БАЙҚАУ

    ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІ! Сіздерді алғаш рет Шымкент қаласында креативті кәсіпкерлер арасында өтетін БАЙҚАУҒА қатысуға шақырамыз! 🚀 Өз кәсіби құндылықтарыңызды көрсетіп, ерекше идеяларыңызды ұсынатын және бақ сынайтын сәт келді! 🌟 ✅ Өтінім қабылдау мерзімі: 2 шілде – 12 шілде аралығы🏆...

    ЖаңалықтарАяқталды

    AZAL әуе компаниясы Баку – Шымкент тікелей әуе рейсін іске қосады

    Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы AZAL маршруттық желісін кеңейту аясында маусым айында Бакуден Шымкентке тұрақты рейстерді орындай бастайды. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалаға алғашқы рейс 28 маусымда жүзеге асырылады.Баку–Шымкент–Баку бағыты бойынша әуе рейстері аптасына үш рет орындалады:— Бакуден Шым...