5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Астана 2024

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Астана 2024
    КездесуАяқталды

    Бүкіл әлем көз тіккен жарыс 2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

    Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.

    Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған.

    «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады. Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.

    5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».

    Толық ақпарат мына сілтемеде: https://worldnomadgames.kz/kz

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы ашық деп жарияланады

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істерминистрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен өзара серіктестік шеңберінде Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 9-шы байқауына (бұдан әрі – байқау) өтінімдерді қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды. 2014жылд...

    9 шілде 2024 ж.Тікелей