
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың 2015 жылғы 18 мамырдағы №20-27/1728 тапсырмасына сәйкес 2015 жылы Қызылорда облысында облыс әкімдігі жанынан Қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарызын немесе ипотекалық қарызын қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссия құрылды. Аталған комиссия өз жұмысын ағымдағы жылы да жалғастыруда.
Комиссия Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптарына сәйкес шағымдарды қабылдайды.
Ұлттық Банктің сайтында Бағдарламамен, Бағдарламаға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға болады.
Бағдарлама бойынша түсіндірулер мен консультацияларды «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің» Қызылорда қаласындағы өкілдер басқармасының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, келесі мекенжай бойынша алуға болады: Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, №30 тел: 55-15-25 (іш.нөм:3127).
Комиссияға шағымды келесі мекенжайға жолдауға болады: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарс көшесі, н/з, «Облыстық мемлекеттік мекемелер» үйі, 5 қабат, Қызылорда облысының қаржы басқармасы, тел:60-54-32.