шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    ·

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

    «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № )

    Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

    Жалпы аудаңы (га), Жалға беру мерзімі, жыл

    Алқаптардың құрамы,

    оның ішінде

    Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

    Ауыл шаруашылығы өндірісі жүргізу үшін

    Егістік

    Жайы

    лымдық

    Шабын

    дық

    Басқа алқаптар

    1

    №1 ЛОТ

    Амангелді ауылдық округі

    ШҚ

    Ауыл шаруашылы ғы өндірісі жүргізу үшін

    1000,0 га

    10 жылға

    486,0

    506,8

    -

    7,2

    2

    №2 ЛОТ

    Амангелді ауылдық округі

    ШҚ

    Ауыл шаруашылы ғы өндірісін жүргізу үшін

    1400,0га

    10 жылға

    565,0

    822,8

    -

    12,2

    3

    №3 ЛОТ

    Мерей ауылдық округі

    ШҚ

    Ауыл шаруашылы ғы өндірісін жүргізу үшін

    200,0

    10 жылға

    -

    199,0

    -

    1,0

    4

    №4 ЛОТ

    Тасқала ауылдық округі

    ШҚ

    Ауыл шаруашылы ғы өндірісін жүргізу үшін

    298,0

    10 жылға

    298,0

    -

    -

    -

    ЕСКЕРТПЕ

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

    Конкурстық ұсыныста:

    1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

    2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.

    Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

    Конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында, жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында, күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жарияланады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 2026 жылдың 20 шілде сағат 09.00 дан бастап 07 тамыз сағат 17.00 дейін. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе ҚР 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

    Қатысушылардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жукова көшесі, №3 үй мекенжайда орналасқан «Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ ) 114 каб жүргізіледі. Байланыс телефон: 8(711-39) 22525,

    Конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2026 жылдың 10 тамыз сағат 15.00 де аудан әкімдігі ғимаратының үлкен залында өткізіледі.

    Жүктеу
    feca9bf26f82f493cbdc0113cf8d1474_original.26429.docx
    DOCX · 26 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі Батыс Қазақстан облысының «Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсын...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері мен жұмыс уақыты туралы хабарлама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бәйтерек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының Бәйтерек ауданы сайлаушыларымен кездесу өткізу орындары мен кестесі

    Жарияланды:
    Хаттама

    Бәйтерек ауданының бірыңғай конкурстық комиссиясының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі № 7 хаттамасы

    Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Теректі ауданы бойынша аудандық жер комиссиясының хаттамалық шешімдері

    Жарияланды:
    Хаттама

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы Шыңғырлау ауданының жер комиссиясының хаттамалық шешімі

    Жарияланды:
    Ереже

    «Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "13" маусымдағы №270 қаулысымен бекітілген

    Жарияланды: