БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 4 қыркүйекте Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
- Жұлдызбеков Арғын Жұлдызбекұлы, 1993 жылы туған, Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Нұрбайыров Біржан Төлегенұлы, 1976 жылы туған, Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Щапов ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
- Сәрсенов Жанат Жұбанұлы, 1971 жылы туған, Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы