Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 665 (2022ж – 593) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 12,1% көбейді). 665 ТЖ мен оқиғалардың 664-і(2022ж – 593) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 66 (2022ж – 10482) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,4% төмен), оның ішінде 23 (2022ж - 11) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 109,1%көбейді ). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3693,57 (2022ж – 95,17)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3781,0% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 616(2022ж – 568) оқиғаны құрады , оның ішінде 97,4% (600) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 48 оқиғаға немесе 8,4% көбейді. Зардап шеккендердің саны 34 (2022ж – 10) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,4 есеге көбейді), оның ішінде 15(2022ж – 4) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,75есеге көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 52 (2022ж – 25) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 7,8% құрады. Бұл 2022 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 2,08% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 32 (2022ж - 10472) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 99,6% төмен), оның ішінде 8 (2022ж – 7) адам қаза болды (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 1,4 есеге көбейді).
Тараз қаласында және облыстық барлық аудандарда ТЖ өсуі байқалады.