2026 жылдың 6 айында Жамбыл облысының аумағында орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды талдау

    ·

    Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығымен «112» және «101» нөмірлеріне келіп түскен 45 959 қоңырау өңделді.

    Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы және т.б. 72 СМС-хабарламаларды тарату жүзеге асырылды. «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 0 хабарлама жіберілді.

    2026 жылғы 6 айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 103 адам (2025 ж. –204, 204, -49,5%) құтқарылды , эвакуацияланған 249 адам
    (2025 ж. –502, +50,4%), дәрігерге дейінгі медициналық көмек - 3 адамға (2025 ж. –11,+3,7 раза) көрсетілді .

    2273 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды (2025 ж. –3335, +31,9%), оның ішінде:

    • тұрмыстық сипаттағы – 0 (2025 ж. - 0);
    • авариялық-құтқару жұмыстары – 987 (2025 ж. – 931, +6%);
    • іздестіру-құтқару жұмыстары – 21 (2025 ж. – 9, +2,3 есе);
    • жол-көлік оқиғалары – 19 (2025 ж. + 18, +1,1 есе);
    • өрт деп есепке алынбайтын жану оқиғалары – 931 (2025 ж. - 1919),-51,5%;
    • өртке – 261 (2025 ж. – 394, -33,8%);
    • расталмаған жану оқиғасы – 54 (2025 ж. – 64, +15,6%).

    ТҚО желісі бойынша жаттығулар өткізілді – 46 (2025 ж. –17, -2,7 есе).

    Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері шаруашылық жүргізуші субъектілерге 559 өрт-техникалық тексеру жүргізді (2025 ж-1358, -58,8%), тексерулер барысында 7016 (2025 жылы –12547, -44,1%) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардың анықталды.

    Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 375 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2025 жылы -883, -57,5%). 131 адамға (2025 жылы -119, +10,1%)5 млн. 261 мың 759 теңге сомасында ақшалай айыппұл салынды. (2025 жылы -5 млн 429мың 490 тг), оның ішінде 86,4% жауапкершілікке тартылды (4 млн 548 мың 134 тг);

    - ҚР ӘҚБтК 462 – б. 3-Б. бойынша сотқа - 32 (2025 ж.63, -49,2%) жолданған талап арыздар мен әкімшілік хаттамалар.

    263 өрт тіркелді (2025 ж. –385,-31,7%), 2 адам жарақат алған (2025 ж. – 4, -2 раза), 4 адам қаза болды (2025 ж. –2, +2 есе) материалдық нұқсан – 28 млн. 657 мың тг. (2025 ж. – 43 млн.722 мың 280 тг, -34,5 %).

    Өрттер саны артты:

    - тұрғын үй секторында 147-ден 178-ке дейін.

    Ел аумағында тіркелген ТЖ-ның ( 6119) Жамбыл облысының үлесіне 4,7% тиесілі.

    ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

    (көлік апаттары мен жол-көлік оқиғалары;

    өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар;

    өндірістік апаттар және қауіпсіздік ережелерін бұзу;

    тіршілікпен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар)

    Техногенді сипаттағы ТЖ– 265(2025 ж. – 388, -31,7%), онда – 11 адам зардап шекті (2025 ж. – 72 адам, - 6,5 есе),5 адам қаза болды (2025 ж. 3,+66,6%):

    - 263 (2025 ж. –387,-32,1%) - өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар, техногендік сипаттағы жазатайым оқиғалар, оқ-дәрілерді табу;

    -2(2025 г. -100%) ірі көлік авариялары мен оқиғалары

    Тұрмыстық және өндірістік өрттер

    Техногендік оқиғалардың негізгі бөлігі тұрмыстық және өндірістік өрттерге (95%) тиесілі. Жедел деректер бойынша жыл басынан бері 263 (2025ж. – 387, -32,1 % ) өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұл ретте 8 ( 2025ж– 25 адам,+ 3,1есе) адам зардап шекті, оның ішінде 4 ( 2025ж– 3; +33,3 %) адам қаза тапты.

    Материалдық шығын 28 млн 66 мың теңгені құрады (2025 ж. – 51 млн 49 мың. теңге., +1,7 есе)

    Өткенжылдыңсәйкескезеңіменсалыстырғандақантарайнда ішінде өртсаныныңтөмендеуі облыстың көптегенаудандарында,оныңішінде, Мойынқұмауданында3, Жуалы ауданы 3, Сарысу ауданы 3 жағдайға.

    Материалдық залалдың 33,3% -ға едәуір қысқарғаны байқалады.

    Жүргізілген талдауға сәйкес өрттердің орын алуының негізгі себептері: 46 рет абайсызда отпен қолдану оқиғасы орын алды, 167 рет жуық электр құрылғыларын қолдану мен ережелерін бұзу орын алды, 22 рет жылу пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайлары орын алды.

    Өрттердің орын алатын негізгі объектілері әдеттегідей тұрғын үй секторы болып отыр, яғни, 134 өрт оқиғасы, 77 өрт оқиғасы автокөлік құралдарында орын алған.

    Техногендіксипаттағы жазатайым оқиғалар

    Облыс аумағында техногендік сипаттағы 2 жазатайым оқиға (улы газбен улану) болды, 2 адам зардап шекті, қаза тапқандар жоқ.

    2025 жылдың осындай кезеңінде- 5 жазатайым оқиға, 11 адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ.

    - сағат 18:50-де Жуалы ауданы, жеке тұрғын үйде, моншада жуыну кезінде, қатты отынмен жұмыс істейтін монша пешін дұрыс пайдаланбағаннан (түтін мұржасының ақауы) улы газбен уланып, 1979 ж.т.әйел адамауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр). ТЖД (1 ж/қ және 1 тех.) шықты.

    -сағат 22:30-да Тараз қаласы, «Шалғай Қарасу» иінінде, жеке тұрғын үйде, моншада жуыну кезінде, табиғи газбен жұмыс істейтін монша пешін дұрыс пайдаланбағаны салдарынан (тартудың болмауы) улы газбен уланып, 1992 ж.т. әйел адам ауруханаға жатқызылды . Шыққандар: ТЖД (3 ж/қ және 2 тех.) және «КазТрансГаз аймак» (3 адам және 1 тех.).

    Ірі көлік авариялары мен оқиғалары

    - сағат 09:20-да, Қордай ауданы, Жамбыл ауылының шетінде, мемлекеттік нөмірі 051 BK 13 жүк көлігінің жартылай тіркемесі (цистерна, 26 тонна битум бар) Шымкент қаласынан Қырғыз Республикасына бара жатқанда аударылып қалды (жүк иесі: "КазахБитум" ЖШС, Шымкент қ.), Нәтижесінде битум төгілді (3 тонна)көлемі 30 ш.м. ол бірден топыраққа қатып қалды, тұрғын үйлерден 150 метрден астам қашықтықта. Төгілген жерді жағалай жинау үшін жол техникасы пайдаланылды. Иелері келіп цистернаны көлікке орнатып, ары қарай алушыға жіберді. Төгілген битумды асфальт зауытының жұмысшылары 26.02.2026 ж. Жинап алды. Шыққандар: ТЖД (6 ж/қ және 2 тех).

    ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

    (гидрометеорологиялық қауіпті құбылыстар; табиғи өрттер;

    адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары және улануы;

    жануарлардың жаппай қауіпті аурулары;

    өсімдік кеміргіштерінің жаппай таралуы;

    судағы оқиғалар, 2 баллдан жоғары жер сілкіністері)

    Табиғи сипаттағы ТЖ - 18 (2025 ж. –43, -2,3есе), онда 3 адам зардап шеккен (2025 ж.–47,-15,6 есе), оның ішінде 1 адам қайтыс болды (2025 ж. – 0,):

    Гидрометеорологиялық және геологиялық құбылыстар - 4 (2025 ж. -3,-33,3 есе);

    - сағат 08:20-дан 17:30-ға дейінгі кезеңде Жамбыл облысының аумағында желдің қатты екпіні (15–32 м/с) салдарынан шатырлардың ұшуы және электрмен жабдықтаудың ажырауы бойынша бірқатар оқиғалар тіркелді.

    - сағат 05:00-ден 09:00-ге дейінгі кезеңде Меркі және Т.Рысқұлов 2 аудан аумағында, Қатты желдің салдарынан (екпіні 30 м/с-қа дейін) шатырдың ішін ара ұшуы, газ және электр тоғының өшуі.

    - сағат 09:00-ден 12:00-ге дейінгі кезеңде Жамбыл облысының аумағында желдің қатты екпіні салдарынан (15-21 м/с) шатырдың бұзылуы мен электрмен жабдықтаудың ажыратылу оқиғалары тіркелді.

    - 16-30-дан 17-00-ге дейінгі кезеңде қатты желдің салдарынан (екпіні 26 м/с-қа дейін) "халыққа қызмет көрсету орталығы" ғимаратының шатыры жартылай бұзылып, 510 м. ш. алаңда (жалпы ауданы 637 м. ш.), сондай-ақ 8 н. п. Электрмен жабдықтаудың үзілуі орын алды: Төле би, Ақтөбе, с. Шоқпар, қорғатты ауылы, Қонаев ауылы, Жаңа жол ауылы, Өндіріс ауылы, Бірлік ауылы. Барлығы (3274 абонент, оның ішінде 33 әлеуметтік нысан).

    28.05.2026 ж. сағат 00-50-де "ЖЭС" ЖШС күшімен (20 адам және 6 техника) электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

    Табиғи өрттер-9

    Т. Рысқұлов ауданы, Юбилейное селосынан 100 км қашықтықта, "ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Луговой мекемесі" (Қорағат орманшылығы, 6-квартал) аумағында батпақты жерлерде алдын ала қамыс өртенді. ПЛ. 1 га. өрт өздігінен жойылды. ТЖД (5 л/с және 1 техника), ЖАО (7 адам және 3 техника) және ЖҚ (10 адам және 2 техника) шықты.

    - 02.04 сағат 15:43-те Шу ауданы, «Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» Алабота орманшылығының аумағында (18 орам) 0,2 гектар аумақты құраған құрғақ қамыстағы өрт шықты. Өрт сағат 16:50-де сөндірілді. Шыққандар ОШ (3 адам және 1 тех).

    - 02.04 сағат 15:43-те Мерке ауданы, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» Сарыкоба орман шаруашылығы (87 орам) аумағында 4 гектар құрғақ қамыстағы өрт шықты. Өрт сағат 18:30-да сөндірілді. Шыққандар ТЖД (7 ж/қ және 1 тех) және ОШ (8 адам және 2 тех).

    - 03.04 сағат 13:40-та Байзақ ауданы, КММ «Байзақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында (Бескепе орманшылығы, 71 орам) 3 га алаңда қураған қамыстың өрттенуі орын алды. Өрт сағат 18:00-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы (13 адам және 3 тех.) және «Қазавиа орман қорғау» (2 адам және 1 тікұшақ) жұмылдырылды;

    - 03.04 сағат 14:00-де Меркі ауданы, КММ «Мерке орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында (Сарғобы орманшылығы, 51 орам) 10 га қураған шөптің өрттенуі орын алды. Өрт сағат 23:00-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД (7 ж/қ және 1 тех.), орман шаруашылығы (6 адам және 2 тех.) және «Қазавиа орман қорғау» (2 адам және 1 тікұшақ) жұмылдырылды.

    - 10.04 сағат 15:40-та Байзақ ауданы, КММ «Байзақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында (Бескепе орманшылығы, 46 орам) 1,2 га алаңда қураған қамыстың өрттенуі орын алды. Өрт сағат 16:10-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Шыққандар: ТЖД (5 ж/қ және 1 тех.), ОШ (13 адам және 3 тех.) және «Қазавиа орман қорғау» (2 адам және 1 тікұшақ).

    - 13.04 сағат 09:25-те ЖжЖБО КБ хабарлама түсті: 12.04. сағат 18:05-те Байзақ ауданы, КММ «Байзақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында (Бескепе орманшылығы, 71 орам, 3 және 17 телімдері) шамамен 2 га алаңда қураған қамыстың өрттенуі орын алды. 13.04. сағат 09:00-де ОШ орынға жетісімен, өрт өздігінен өшті. Зардап шеккендер жоқ. Шыққандар: ОШ (10 адам және 1 тех.).

    - 17.05. сағат 11:15-те Шу ауданы, Абай ауылынан 15 шқ. жерде КММ «Қосқұдық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» аумағында (Алабота орманшылығы, 62 орам) қураған шөптің өрттенуі болды көлемі шамамен 72 га. Сағат 12:25-те оқшауланып сағат 13:20-да толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.Шыққандар: ТЖД (3 ж/қ және 1 тех.) жәнеОШ (15 адам және 4 тех.).

    сағат 17:05-те Шу ауданы, "Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қосқұдық мекемесі" КММ аумағында (Алабота орманшылығы, 26 квартал) 2,5 га алаңда құрғақ шөп өрті орын алды.сағат 17:58-де өрт оқшауланып, сағат 19: 02-де өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Мен шықтым: ЛХ(14 адам және 6 адам).

    Суға бату жағдайлары

    (2025ж. – 0, 2026 - 1)

    25.03.2026 ж. 08-10 Шу ауданы, вдхр. Тасөткел, жағадан 50 м (тереңдігі 2-3 м) ТЖД күштерімен (13 л/с, 4 тех., 2 пл. құрал және 1 ҰҰА) 2000 ж. т.ер адамның мәйіті табылып, судан шығарылды, оқиға 24.03. сағат 16.00-де жүзіп бара жатқан қайықты қуып жетуге тырысқанда орын алған.

    Қауіпті жұқпалы аурулар және адамдардың улануы - 1 жағдай

    (2025ж. – 5, -5 есеге аз)

    • 04 сағат 19:25-теҚордай ауданында1986 ж.т. ер азаматты "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен" ауырғаны расталған (жағдайы ауыр), 13.04. өз үйінен (Кенен ауылы, Байниязов көшесі № 43 үй) аталған диагнозға күдікпен аудандық орталық ауруғанаға жатқызылған. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

    Жер сілкінісі

    (2025 ж. – 4 – 4 есеге аз)

    03.04 ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 3 сәуірде Астана уақыты бойынша 21 : 13 жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі ошағы Ауғанстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 км. жерде орналасқан. Жер сілкінісінің координаттары : 37.135 с.е. 70.766 ш.б Тереңдік 20 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 14.5. Магнитуда MPV _7.1.

    Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) есептік қарқындылығы: Бауыржан Момышұлы ауылы 2 б., Тараз қ. 2 б., Сары-Кемер ауылы 2 б., Аса ауылы 2 б., Құлан ауылы 2 б., Мерке ауылы 2 б., Қаратау қ. 2 б., Жаңатас қ. 2 б., Қордай ауылы 2 б.

    Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

    Тұрмыстықжәне өндірістік өрттер техногендік сипаттағы барлық төтенше жағдайлардың 90% - дан астамын құрайтынын ескерсек, сондықтан, өрттердің алдын алу мен жою бойынша жұмыстың тиімділігін жетілдіру мақсатында ТЖБ мен АТЖБ мына іс-шараларды атқару қажет:

    1. Өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алатынын назарға ала отырып, халықпен және адамдар жаппай болатын объектілерде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында радио, теледидар, баспа басылымдарында хабарлау арқылы, сондай-ақ интернет ресурстарын пайдалана отырып, кеңінен үгіт-насихат жұмыстарын барынша күшейту;
    2. Жылыту кезеңінде алдын алу жұмыстарын күшейту, электр желілерінің қызметкерлерін тарта отырып, электр жабдықтарын пайдалануға ерекше назар аудару.
    3. Білім беру басқармасымен бірлесіп барлық білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар, өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар, "өрт қауіпсіздігі күндерін" өткізу жолымен балалардың отпен ойнау салдарынан өрттің және балалардың қаза болуының алдын алу іс-шараларын жүргізу, мектеп оқушыларының өрт туындаған кезде дұрыс әрекет ету және ден қою дайындығына бағытталған дәрістер, оқыту сабақтарын, әңгімелесулер мен викториналар өткізу тәжірибесін жалғастыру.
    4. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал тобына жатқызылған тұрғындардың үйлерінде көміртегі тотығын анықтау датчиктерін орнату жөніндегі жұмысты күшейту.
    5. Мүлік иелері бірлестіктерін (КСК) жоспарлы өрт-техникалық тексеру және аулаларды аралау кезінде тұрғындарға тұрғылықты жері бойынша өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету және тұрғындардың үй-жайларды және жалпы қолданыстағы орындарды (жертөлелер, шатырлар, баспалдақ торлары, дәліздер, лифт залдары, қоқыс құбырлары, түтінсіз баспалдақтар және т. б.), сондай-ақ аула аумағын күтіп ұстау кезінде өртке қарсы талаптарды сақтауына назар аудару қажет.

    Жоспарлау және жедел басқару орталығы

    Ұйымдастыру және ақпараттық-аналитикалық жұмыс тобы

    Жүктеу
    644538d3f61f098a783fe476c1ebd22e_original.55146.docx
    DOCX · 54 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың 6 ай ішіндегі жұмыс

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2 800 274,0 мың.теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені – 2 797 160,2 мың.теңге немесе 99,8%: өрт сөндіру депосын салуға (ЖСҚ әзірлеуге) (құрылыстың қай жылы аяқталғаны) – 0 теңге; мат...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың су айдынындағы қауіпсіздік туралы

    Жарияланды:
    Басқа

    Азаматтық қорғаныс басқармасының тексеру жұмыстары бойынша

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2- тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 199 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

    № 15 от 20.01.2026 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2026 жылғы ____ қаңтардағы № ___ бұйрығымен бекітілген 1-қосымша 2026 жылға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының...

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы мерзімді тексерулер жоспары туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» заңының 37-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 496 бұйрығымен бек...

    Жарияланды:
    Басқа

    2025 жылғы IV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2025 жылғыIV-ші тоқсанға арналған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ Департаменттің атауы Қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Қабылдауды...

    Жарияланды:
    Басқа

    Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, Электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

    Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, Электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол...

    Жарияланды: