Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 866(2022ж -788) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9,9% көбейді). 866 ТЖ мен оқиғалардың 860-і ТЖ критерийіне жатады (2022ж – 788). Салдарынан 134 (2022ж – 10500) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 98,7,% төмен), оның ішінде 34 (2022ж –16) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 112,5% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 3723,27 (2022ж - 132,41)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2711,9% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 804 (2022ж – 760) оқиғаны құрады, оның ішінде 97,8% (787) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 44 оқиғаға немесе 5,7% көбейді. Зардап шеккендердің саны 59 (202ж – 25) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,3 есеге көбейді), оның ішінде 23 (2022ж – 9) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 62(2022ж – 28) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 7,1% құрады. Табиғи ТЖ салдарынан 75 (2022ж – 10475) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 99,2% төмен), оның ішінде 11 (2022ж - 7) адам қаза болды (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді).
Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық көбейгендігі белгіленуде.