Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың маусым айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 427 (2022ж – 318) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 34,4% көбейд і ). 427 ТЖ өқиғалардың 427 ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 34 (2022ж - 10472) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,7 % төмен), оның ішінде 16(2022ж - 7) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 128,6% көбейд і ).
Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 56,02 (2022ж - 66,51)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 15,8%төмен.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 399 (2022ж – 305) оқиғаны құрады (30,8% көбейді), оның ішінде 95% (379) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 94 оқиғаға немесе 30,8% көбейді. Зардап шеккендердің саны 20 (2022ж - 10) адамды құрады (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2 есе көбейді), оның ішінде 12 (2022ж – 4) адам қаза болды (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3 есе көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 28 (2022ж - 13) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 6,5% құрады ( 2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,1 есе көбейді). Табиғи ТЖ салдарынан 14(2022ж - 10462) адам зардап шекті (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,8% төмен), оның ішінде 4 (2022ж-3) адам қаза болды.
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен саластырғанда ТЖ саны Тараз қаласы, Сарысу және Талас аудандарында ТЖ саны төмендегені байқалады.
Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі, Мойынқұм және Шу аудандарында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Жамбыл ауданында 1,3 есеге, Жуалы ауданында 1,07 есеге, Байзақ ауданында 1,6 есеге, Қордай ауданында 1,2 есеге, Т. Рысқұлов ауданында 1,0 7 есеге, Меркі ауданында 1,1 есеге, Мойынқұм ауданында 1,1 есеге және Шу ауданында 1,4 есеге.