Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 327 (2022 ж – 237) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 38% көбейді). 327 ТЖ өқиғалардың 327 ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 27 (2022ж- 10469) адам зардап шекті (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,7% төмен), оның ішінде 13(2022ж- 5) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 160,0% көбейді).
Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 47,7(2022ж - 19,25)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 148,3% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 311(2022ж – 228) оқиғаны құрады (36,4% көбейді), оның ішінде 93,2% (290) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 83 оқиғаға немесе 36,4% көбейді. Зардап шеккендердің саны 20(2022ж - 8) адамды құрады (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,5 есе көбейді), оның ішінде 11 (2022ж – 3) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,6 есе көбейді ).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 16(2022ж - 9) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 4,8% құрады. Бұл 2022 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 1,7 есе көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 7(2022ж - 10461) адам зардап шекті (2022 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 100 есе төменді), оның ішінде 2 (2022ж - 2) адам қаза болды.
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда Тараз қаласы, Сарысу, Талас, Жамбыл, және Меркі аудандарында ТЖ саны төмендегені байқалады.
Жуалы, Байзақ, Қордай, Мойынқұм және Шу ауданында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Жуалы ауданында 1,1 есеге, Байзақ ауданында 1,3 есеге, Қордай ауданында 1,3 есеге, Мойынқұм ауданында 1,1 есеге және Шу ауданында 1,6 есеге.
Т. Рысқұлов ауданында ТЖ саны өткен жылдың ұқсас мерзімімен бір деңгейде (8).