Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылғы 1-тоқсандағы Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 184 (2022ж – 125) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 47,2% көбейд і ).184 ТЖ өқиғалардың 184 (2022ж - 125) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 17 адам зардап шекті (2022ж. – 10462, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,8% төмен), оның ішінде 10 адам қаза болды (2022ж.-3, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 233,3%көбейд і ). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 28,31 млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 133,6% көбейді (2022 ж. – 12,12 млн. теңге).
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 176 оқиғаны құрады (2022ж - 121), оның ішінде 88,6%(156) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 55 оқиғаға немесе 45,4% көбейді. Зардап шеккендердің саны 15 (2022ж –5) адамды құрады (2022 ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3 есе көбейді), оның ішінде 8(2022ж – 2) адам қаза болды (2022ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4 есе көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 8 (2022ж – 4) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 4,3% құрады. Табиғи ТЖ салдарынан 2 (2022ж – 10457) адам зардап шекті, оның ішінде 2(2022ж – 1) адам қаза болды.
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен саластырғанда ТЖ саны Тараз қаласы, Сарысу, Талас, Жуалы, Байзақ, Т. Рысқұлов және Меркі аудандарында төмендегені байқалады.
Қордай және Мойынқұм аудандарында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Қордай ауданында 1,3 есеге және Мойынқұм ауданында 1,2 есеге.
Жамбыл және Шу аудандарында ТЖ саны өткен жылдың ұқсас мерзімімен бір деңгейде.