Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың екі айы ішінде Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 114 (2022ж – 86) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген ( 2022 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 32,6% көбейді). 114 ТЖ өқиғалардың 114-і ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 12 (2022ж – 10461) адам зардап шекті, ( 2022 ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 99,9% азайды), оның ішінде 6 (2022ж – 2, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3есеге көбейді) адам қаза болды. Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 19,97 млн. теңгені ( 2022 ж. – 10,35 млн. теңге 92,2% көбейді) құрады.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 110 оқиғаны құрады ( 2022ж - 83, 32,5% көбейді), оның ішінде 93,6% - 103 (2022ж - 72) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 31 оқиғаға немесе 43,05% көбейді. Зардап шеккендердің саны 12 адамды құрады (2022ж. - 4 адам, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3 есеге көбейді), оның ішінде 6 адам қаза болды ( 2022ж – 1 адам, ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6 есеге көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 4 (2022ж –3). Табиғи ТЖ салдарынан 0 ( 2022ж - 10457) адам зардап шекті, оның ішінде 0 адам қаза болды (2022ж -1 ).
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда Талас және Т. Рысқұлов аудандарында ТЖ саны төмендегені байқалады.
Тараз қаласы, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Шу ауданында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Тараз қаласы 1,2 есеге, Жамбыл ауданында 1,7 есеге, Жуалы ауданында 3 есеге, Байзақ ауданында 2,5 есеге, Қордай ауданында 2,6 есеге, Меркі ауданында 2,6 есеге, Мойынқұм ауданында 2,3 есеге және Шу ауданында 1,2 есеге.
Сарысу ауданында ТЖ саны өткен жылдың ұқсас мерзімімен бір деңгейде.