Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 593 (2021ж – 507) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 17% көбейді). 593 ТЖ мен оқиғалардың 593-і(2021ж – 507) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 10482 (2021ж – 16457) адам зардап шекті (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 36,3% төмен), оның ішінде 11 (2021ж - 41) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 73,2%төмен). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 95,17 (2021ж – 24,36)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 290,7% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 568(2021ж – 486) оқиғаны құрады , оның ішінде 95,4% (542) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 82 оқиғаға немесе 16,8% көбейді. Зардап шеккендердің саны 10 (2021ж – 141) адамды құрады (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 93% азайды), оның ішінде 4(2021ж – 31) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 87,1% азайды).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 25 (2021ж – 21) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 4,21% құрады. Бұл 2021 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 19,04% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 10472 (2021ж - 16316) адам зардап шекті (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,8% төмен), оның ішінде 7 (2021ж – 10) адам қаза болды (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 1,4 есеге төмен).
Өткен жылмен салыстырғанда ТЖ саны Т. Рысқулов ауданынан басқа Тараз каласы және барлық аудандарда байқалады.
Т. Рысқулов ауданындаТЖ санынық өсуі 1,1 есе өскен.