Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың тамыз айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 515 (2021ж – 425) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 21,2% көбейді). 515 ТЖ мен оқиғалардың 515-і ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 10482 (2021ж –16454) адам зардап шекті (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 36,3% төмен), оның ішінде 11 (2021ж- 39) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 71,8%төмен). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 82,71 (2021ж – 19,42)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 325,9% көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 490(2021ж – 407) оқиғаны құрады, оның ішінде 90,4% ( 443) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 83 оқиғаға немесе 20,3% көбейді. Зардап шеккендердің саны 10 (2021ж – 140) адамды құрады (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 14 есеге төмен), оның ішінде 4(2021ж –31) адам қаза болды (2021ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7,75 есеге төмен).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 25 (2021ж – 18) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 5,1%% құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 38,8% көбейді. Табиғи ТЖ салдарынан 10472 (2021ж-16314) адам зардап шекті (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,8% төмен), оның ішінде 7 (2021ж-8 адам қаза болды (2021 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 12,5% төмен).
Өткен жылдың ұқсас мерзімімен саластырғанда ТЖ саны Жуалы, Байзақ және Мойынқұм ауданында ТЖ саны төмендегені байқалады.
Тараз қаласы, Сарысу, Талас, Жамбыл, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында ТЖ саны көбейгені анықталды, атап айтқанда: Тараз қаласында 2 есеге, Сарысу ауданыңда 3 есеге, Талас ауданыңда 3,5 есеге, Жамбыл ауданыңда 4,6 есеге, Қордай ауданыңда 3,3 есеге, Т. Рысқұлов ауданыңда 2,2 есеге, Меркі ауданыңда 3 есеге және Шу 1,3 есеге.