Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 688(2020ж -754) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 8,8% төмен). 688 ТЖ мен оқиғалардың 688-і ТЖ критерийіне жатады (2020ж –739). Салдарынан 16479 (2020ж – 3642) адам зардап шекті (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 352,5,% көбейді), оның ішінде 50 (2020ж –13) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 284,6% көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 57,49 (2020ж - 97,42)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 41,0% төменді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 666 (2020ж – 717) оқиғаны құрады, оның ішінде 99,5% (663) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 51 оқиғаға немесе 7,1% азайды. Зардап шеккендердің саны 152 (2020ж – 25) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 508% азайды), оның ішінде 39 (2020ж – 13) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 200% төмен).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 22 (2020ж – 37) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 3,1% құрады. Табиғи ТЖ салдарынан 16327 (2020ж – 3617) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 351,3% көбейді), оның ішінде 11 (2020ж –0) адам қаза болды (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 11 есеге көбейді).
Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде.