Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың қазан айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 553 (2020ж -593) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6,7% төменді). 553 ТЖ мен оқиғалардың 553 -і (2020ж -579) ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 22457(2020ж –3612) адам зардап шекті, оның ішінде 42(2020ж - 8) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 425,0 % көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 32,71 (2020ж -72,5)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 54,9% азайды.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 532 (2020ж -560) оқиғаны құрады, оның ішінде 96,6% ( 514) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 28 оқиғаға немесе 5 % төменді. Зардап шеккендердің саны 143 (2020ж –14) адамды құрады ( 2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10,2 есеге көбейді), оның ішінде 32 (2020ж – 8) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4 есеге көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 21 (2020ж –33) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 3,7% құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 36,3% азайды. Табиғи ТЖ салдарынан 22314 (2020ж –3598) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 520,17% көбейді ), оның ішінде 10 (2020ж –0) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10 есеге көбейді).
Облыстық барлық аудандарында және Тараз қаласында ТЖ санынық төмендеуі белгіленуде.