Жедел мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың шілде айында Жамбыл облысы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 369 (2020ж – 357) төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2020 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,4% көбейді). 369 ТЖ мен оқиғалардың 369-і ТЖ критерийіне жатады. Салдарынан 7258 (2020ж – 3584) адам зардап шекті (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 102,5% көбейді), оның ішінде 20 (2020ж- 4) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 400%көбейді). Алдын ала мәліметтер бойынша материалдық шығын 17,33 (2030ж - 19,13)млн. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 9,4% азайды.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны 355(2020ж – 332) оқиғаны құрады, оның ішінде 95,4% ( 339) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда техногендік ТЖ саны 23 оқиғаға немесе 6,9% көбейді. Зардап шеккендердің саны 20 (2020ж – 9) адамды құрады (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге көбейді), оның ішінде 14 (2020ж – 4) адам қаза болды (2020ж. ұқсас мерзімімен салыстырғанда + 3,5 есеге көбейді).
Табиғи сипаттағы ТЖ саны 14 (2020ж – 25) оқиғаны немесе ТЖ жалпы санының 3,7 % құрады. Бұл 2020 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 44 % азайды. Табиғи ТЖ салдарынан 7265 (2020ж - 3575) адам зардап шекті (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 103,2% көбейді), оның ішінде 6(2020ж - 35) адам қаза болды (2020 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 82,8% төменді ).
Тараз қаласында және облыстық барлық аудандарда ТЖ өсуі байқалады.