2026 жылғы IІ тоқсандық есепке талдамалық анықтама

    Сәтбаев қаласының әкімдігі

    2026 жылғы 2 тоқсандық есепке

    талдамалық анықтама

    Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 1 503 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 6 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы – 166 қызмет, электрондық түрде – 1 331 қызмет, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 724 қызмет, «Е-лицензиялау» - 221 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 386 қызмет.

    Есепті кезеңде тұрғындармен 19 ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді, қалалық «Aqsham» телеарнасында 1 «Елге қызмет» телебағдарламасы түсірілді, 2 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

    Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалған, "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған Egov.kz.ақпараттық стендтер орналастырылды. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 12 жарияланым орналастырылды, 180-нен астам брошюралар таратылды. Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды, онда тікелей эфирлер өткізіледі, өзекті ақпарат орналастырылады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында қала әкімінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №139ө өкімімен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде 2026 жылға арналған ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес "Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ ішкі бақылау жүргізілді.

    Барлық мемлекеттік мекемелер жұмыста заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процестері бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

    Жүктеу
    cc2b4914cae2de8506d9bdeee0e5516b_original.20062.docx
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілген өзгерістер туралы

    Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына енгізілген өзгерістер туралы Сәтбаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шетелде дауыс беру

    Шетелде дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ұйымдастыру және сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді өткізу

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Сәтбаев қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу туралы өкім

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жауапты тұлғаны тағайындау туралы өкім

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Сәтбаев қаласы әкімі аппараты" ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы АНОНС

    Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыны...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу орындары № Кездесу өткізілетін орындар Мекенжай 1 «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ Бабыр би көшесі, 5 2 «№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ Наурыз...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № Елді мекен Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы әкімдік қаулысының № және қабылданған күні Үгіттік баспа материалда...

    Сәтбаев қаласының әкімдігіЖарияланды: