Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ нормативтік қаулысы

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат

    (2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ)

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағының, 72-бабы 2 және 3-тармақтарының, 83-бабы 1-тармағының және 84-бабы 3-тармағының ережелерін:

    «лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?» деген сұраққа жауап беріп, ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

    Конституциялық Сот аталған конституциялық нормалардың мазмұнынан оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте ғана байланысты болатыны шығады деп атап өтті.

    Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында белгіленген шектеулер қолданылған жағдайда 1995 жылғы Негізгі Заң қолданыста болған кезеңде тиісті лауазымдарда болу мерзімдерін, сондай-ақ қызметке сайлау не лауазымға тағайындау фактілерін есепке алуды көздейтін ережелерді Конституция қамтымайды.

    Демек, адамның аталған лауазымдардың бірін 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде атқару фактісі Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін оны тиісті қызметке сайлауға не лауазымға тағайындауға Негізгі Заңда көзделген конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды.

    Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот ресми түсіндіру берді: 2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек.

    Аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы алғаш рет сайлану не тағайындалу деп есептеледі.

    Жүктеу
    e2bc46bf045c30768bd620b29815c7b6_original.410961.pdf
    PDF · 401 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаршы (1 (13) - басылым)

    Шешім

    Тағайындауға ұсынылған кандидаттың тізімі

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 15 маусымдағы № 6-2 хаттамасына сәйкес тағайындауға ұсынылған кандидаттың ТІЗІМІ Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппа...

    Қаулы

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 12 маусымдағы №88-НҚ нормативтік қаулысы

    Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 12 маусымдағы № 88-НҚ) Конституциялық Сотқа азаматтардан Еңбек кодексінің (ЕК) 160-бабы бесінші бөлігі бірінші және екінші абзацтарының, Азаматт...

    Қаулы

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 12 маусымдағы №87-НҚ нормативтік қаулысы

    Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 12 маусымдағы № 87-НҚ) Конституциялық Сот Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу тур...

    Кесте

    Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ

    Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Әңгімелесу өтетін орны, күні және уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1. Қазақстан Республикасы Конституциял...

    Шешім

    Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ

    Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ № Лауазым Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Шешім (жіберілді / жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Ап...

    Қаулы

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 11 маусымдағы №86-НҚ нормативтік қаулысы

    Конституциялық Соттың нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 11 маусымдағы № 86-НҚ) Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 1...

    Үндеу

    Азаматтың Конституциялық Сотқа өтінішінің үлгісі

    Азаматтың Конституциялық Сотқа өтінішінің үлгісі