«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» КММ www.e-qazyna.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттықтар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
2026 жылдың 14 шілдесінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейін өтетін бағаны жоғарылату әдісі бойынша электрондық аукционға (бірінші сауда-саттық) коммуналдық меншіктің келесі объектілері (өзге де мүліктер) шығарылады:
Теңгерім ұстаушысы: «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыстағы тұлғалар: 8-707-003-49-34 (Иманбекова Жанар)
Объектінің орналасқан жері: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 4-үй
№ р/н Атауы
Саны
1 Туристерге арналған ақпараттық-сенсорлы терминалдар
10 дана
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, осыдан кейін қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Кепілдік жарна бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455, КНП: 171; Кбе:16; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есептесу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлемнің мақсаты: Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет көрсетулердің төлемі кірмейді).
Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.