«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

    ·

    2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 316 223өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94млн АҚШ доллары сомасына 114 978өтініш орындалды.

    НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.

    Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды.

    Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау.

    Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

    Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

    18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

    Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

    - үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

    - екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

    - бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

    18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

    Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

    • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
    • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

    Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

    Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

    • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
    • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
    • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

    Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

    kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

    «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

    https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0


    «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

    https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0


    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

    «Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

    https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

    https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

    «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

    https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

    https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ


    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:

    https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

    https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

    Жүктеу
    7d015c9efe67384c0b80b4aff97b5aa4_original.67612.docx
    DOCX · 66 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілер тізімі

    «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілер тізімі № Аты-жөні, тегі Жұмыс телефоны Лауазымы 1. Есілбек Досбол Күздікбайұлы 8(7252)43-31-98 Аудан әкімі 2. Күзенбаев Ерлан Миятбекұлы 8...

    Жарияланды:
    Құжат

    Еңбекші ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары

    Еңбекші ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары №130 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Бадам тұрғын алабы, К.Тұрсынбайұлы көшесі №1, Шымкент қаласының білім басқармасының «Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім...

    Жарияланды:
    Құжат

    Шымкент қаласы Еңбекші аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ

    Шымкент қаласы Еңбекші аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ Орналасқан мекен – жайы: Шымкент қаласы, Жолдасбеков көшесі №53, 102-кабинет,тел: 8(7252) 57-04-39 Босымбаев Даурен Абдикаримович - комиссия төрағасы К...

    Жарияланды:
    Құжат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды:
    Құжат

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активте...

    Жарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қ...

    Жарияланды:
    Құжат

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыс...

    Жарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеденасты. 12 айдағы өсім – 4...

    Жарияланды: