АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда: 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    ·

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда:

    12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына 27,67 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге (немесе 18,6%).

    Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі 10,13 млрд теңге болып, 12 айда 19,8% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша 834,86 млрдтеңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге.

    2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,90 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    7bb5053bbdfe8639ecd9fe98046baceb_original.66575.docx
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілер тізімі

    «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілер тізімі № Аты-жөні, тегі Жұмыс телефоны Лауазымы 1. Есілбек Досбол Күздікбайұлы 8(7252)43-31-98 Аудан әкімі 2. Күзенбаев Ерлан Миятбекұлы 8...

    Жарияланды:
    Құжат

    Еңбекші ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары

    Еңбекші ауданы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары №130 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Бадам тұрғын алабы, К.Тұрсынбайұлы көшесі №1, Шымкент қаласының білім басқармасының «Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім...

    Жарияланды:
    Құжат

    Шымкент қаласы Еңбекші аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ

    Шымкент қаласы Еңбекші аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚҰРАМЫ Орналасқан мекен – жайы: Шымкент қаласы, Жолдасбеков көшесі №53, 102-кабинет,тел: 8(7252) 57-04-39 Босымбаев Даурен Абдикаримович - комиссия төрағасы К...

    Жарияланды:
    Құжат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқа...

    Жарияланды:
    Құжат

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активте...

    Жарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қ...

    Жарияланды:
    Құжат

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?»

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» «Ең төменгі жеткіліктілік шектері (ТЖШ) – оларды есептеудің ашықтығы және оларды пайдалану мүмкіндігі сақтала ма?» Жеткіліктілік шегінің мөлшеріне салымшының жасы әсер ете ме және қолданыс...

    Жарияланды:
    Құжат

    Еңбекші ауданның колл-орталығы бойынша ақпарат

    Информация по колл-центрамрайона Еңбекші № п/п Регион Месторасположение Ответственный (ФИО, должность) Номер телефона 1. район Еңбекші КГУ «Аппарат акима района Еңбекші города Шымкент», город Шымкент, улица Толстого №11...

    Жарияланды: