№ 1 Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    Марқакөл ауданының әкімдігі

    № 1

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын

    сайлау туралы

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.

    Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

    Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

    Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.

    Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

    Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.

    Жаңару үшін дауыс бер!

    Қазақстан Республикасының

    Орталық сайлау комиссиясы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі

    Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша...

    Марқакөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

    Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган ж...

    Марқакөл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы 3 тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдаудың өңірлік орталығында азаматтарды қабылдау кестесі

    Марқакөл ауданының әкімдігіЖарияланды: